Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіру

Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіру үшін төмендегі процедураны орындаңыз.

  1. ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басыңыз.

Тұспал

  • Динамикті өшірген кезде, Стерео режимде жұптастыру функциясы өшпейді. Динамик қайта қосылған кезде, ол Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатуға әрекет жасайды. Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін басқа динамикті 1 минут ішінде қосыңыз.

    Дегенмен BLUETOOTH күту функциясы 2 динамикте де іске қосылып тұрған жағдайда, динамиктердің біреуін қосқан кезде, екіншісі де автоматты түрде қосылады да, Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін 2 динамик арасында байланыс орнатылады.

  • Стерео режимде жұптастыру функциясының динамиктерінің бірі ретінде қолданылған динамикті бөлек қолданғыңыз келсе, (қуат) түймесін басып, динамикті қосыңыз, одан кейін ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басып, Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіріңіз.

  • 2 динамикті қолданып отырғанда Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіргіңіз келсе, ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) түймесін басыңыз. Сигнал естіліп, одан кейін Стерео режимде жұптастыру функциясы өшіріледі.

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатуға немесе Стерео режимде жұптастыру функциясын өшіруге болады.