Бір уақытта жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғыларын (Бірнеше құрылғы байланысы) ауыстыру

Бір уақытта динамикке ең көбі 2 BLUETOOTH құрылғысын жалғауға болады. Бір құрылғыда музыка ойнатылып тұрғанда басқа құрылғылардың бірінде музыка ойнатыла бастаса, динамик шығару құрылғысын ауыстырып, дыбысты жаңадан жалғанған құрылғыдан шығара бастайды.

  • BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ ол құрылғылар тіркесіне байланысты жалғанбауы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  1. Динамикті қосу үшін оның (қуат) түймесін басыңыз.
  2. Динамикті смартфондар немесе iPhone құрылғылары сияқты BLUETOOTH құрылғыларымен жұптастырыңыз.

    A2DP/AVRCP арқылы бір уақытта ең көбі 2 BLUETOOTH құрылғысына жалғануға болады.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіледі (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)).

Ескерту

  • Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолдану мүмкін емес.

  • BLUETOOTH құрылғысына байланысты бір уақытта 2 BLUETOOTH байланысын орната алмауыңыз мүмкін.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profile) және HSP (Headset Profile) стандарттарымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, хендс-фри функциясын қолдана алмайсыз.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profile) стандартымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, динамиктің қалған батарея заряды Android смартфонында немесе iPhone/iPod touch құрылғысында көрсетілмейді.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясын өшіру мүмкін емес.

Бірнеше құрылғы байланысын өшіру

  • Динамикті өшіру үшін оның (қуат) түймесін басыңыз.

  • Қалаған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын немесе қуатты өшірген кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіліп (BLUETOOTH disconnected (BLUETOOTH ажыратылды)), динамикпен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылады.