«Sony | Music Center» қолданбасының функциялары
«Sony | Music Center» — «Sony | Music Center» қолданбасымен үйлесімді Sony аудио құрылғыларын смартфоннан, iPhone құрылғысынан, т.б. басқаруға арналған қолданба.
«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:
«Sony | Music Center» қолданбасымен динамикте орындауға болатын әрекеттер
-
Смартфон немесе iPhone сияқты құрылғыда орналасқан, анықтығы жоғары (Hi-Res) аудио мазмұнды қамтитын музыкалық файлдарды ойнату.
-
Дыбыс сапасын және эквалайзерді реттеу
-
Кірістірілген батарея зарядын көрсету
-
Қуатты басқару опциясы параметрлері (Auto Standby функциясы, Bluetooth Standby функциясы, қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқау)
-
BLUETOOTH кодегін ауыстыру (BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасы)
-
Монофондық аудио ойнату режимінен (зауыттық әдепкі параметр) стерео аудио ойнату режиміне ауысу
-
Басқа құрылғылармен топтастыру (Стерео режимде жұптастыру функциясы, Сауық кешінде жалғау функциясы)
-
Динамиктің бағдарламалық құралына арналған жаңартуды немесе бағдарламалық құрал нұсқасын көру
Ескерту
-
«Sony | Music Center» қолданбасымен басқаруға болатын әрекеттер жалғанған құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Қолданбаның сипаттамалары мен дизайны ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
-
Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.
-
«Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын қолданып отырғаныңызға көз жеткізіңіз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын BLUETOOTH байланысы арқылы бір-біріне жалғай алмасаңыз немесе дыбыстың шығарылмауы сияқты мәселе пайда болса, «Sony | Music Center» қолданбасын жойып, BLUETOOTH байланысы арқылы қайта жалғап көріңіз.
«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін Google Play (Play Store) немесе App Store дүкеніне кіріңіз.
-
«Sony | Music Center» және «Music Center for PC» әр түрлі қолданба екенін ескеріңіз.