Динамикті зарядтау

Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) жалғанған АТ розеткасынан немесе қайта зарядталатын кірістірілген литий-ион батареясынан алынған қуатпен жұмыс істейді.

Динамикті алғаш рет қолданған кезде, динамикті қосудан бұрын, кірістірілген батареяны 1 сағаттан астам уақыт зарядтаңыз.

Кірістірілген батареяны алдын ала зарядтап алып, динамикті тек батарея қуатымен қолдануға болады.

  1. Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына жалғаңыз.

    Бірге берілген USB Type-C® кабелінің бір ұшын динамиктегі DC IN 5V портына, ал екінші ұшын USB айнымалы ток адаптеріне (бөлек сатылады) жалғап, одан кейін USB айнымалы ток адаптерін АТ розеткасына жалғаңыз.

    Динамик 1,5 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерлерін қолдайды. Кез келген басқа құрылғылар қолданылса, батарея зарядталатынына кепілдік берілмейді.

    Зарядталу орындалып жатқан кезде, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанады.

    Есептелген зарядтау уақыты жалғанған USB АТ адаптерінің (бөлек сатылады) шығыс қуатына байланысты әр түрлі болады. Оған қоса зарядтау уақыты USB айнымалы ток адаптерінің және USB кабелінің түрі мен сипаттамасына байланысты төменде көрсетілгеннен көбірек болуы мүмкін. Зарядтау уақыты қоршаған орта температурасына және динамиктің қолданылуына байланысты төменде көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

    Төмендегі уақыт анықтамалық мән ретінде берілген.

    • 1,5 А шығыс тогын бере алатын ұсынылған USB айнымалы ток адаптері қолданылған кезде, зарядтау шамамен 4 сағатта аяқталады* да, CHARGE индикаторы өшеді.

    • Бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, ол 1,5 А не одан көп шығыс тогын бере алатынына көз жеткізіңіз. Шығыс тогы 500 мА не одан көп және 1,5 А не одан аз USB айнымалы ток адаптерін де қолдануға болады, бірақ зарядталу аяқталуы үшін өте көп уақыт кетуі мүмкін (10 сағат не одан көп*). Осындай USB айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн. Шығыс тогы 500 мА-ден аз USB айнымалы ток адаптері қолданылса, батарея зарядталатынына кепілдік берілмейді.

    * Динамик өшкен кезде, бос кірістірілген батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.


    Батарея зарядталып болған кезде динамиктен USB кабелін ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз.

    Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.

Зарядтаудың аяқталуын тексеру

Динамикті АТ розеткасына қосқан кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.

Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның зарядын тексеру

  • Динамик қосылып тұрғанда, оның артқы жағындағы қақпақ артындағы BATT (батарея) түймесін басқаннан кейін, кірістірілген батареяның қалған қуатына байланысты динамиктен төменде көрсетілген дауыстық нұсқау шығарылады.

    80% не одан көп: «Battery fully charged» (Батарея толығымен зарядталған)

    60% не одан көп: «Battery about 70%» (Батарея заряды — шамамен 70%)

    40% не одан көп: «Battery about 50%» (Батарея заряды — шамамен 50%)

    20% не одан көп: «Battery about 30%» (Батарея заряды — шамамен 30%)

    20%-дан аз: «Please charge» (Зарядтау қажет)

    Тұспал

    • «Sony | Music Center» қолданбасынан динамикті қосқан кезде естілетін қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқауды іске қосуға/өшіруге болады.

  • 8.1 не одан кейінгі операциялық жүйе нұсқасы орнатылған Android смартфонын қолданған кезде

    Динамик Android смартфонына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, смартфонда [Settings] - [Device connection] - [Bluetooth] тармағын түртіңіз. Динамиктің қалған батарея заряды және жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының атауы көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін Android смартфонымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    Смартфонда көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

  • iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқа орнатылған iPhone/iPod touch құрылғысын қолданған кезде

    Динамик iPhone/iPod touch құрылғысына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, динамиктің қалған батарея заряды iPhone/iPod touch құрылғысының виджет экранында көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін iPhone/iPod touch құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    iPhone/iPod touch құрылғысында көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

Кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі (BLUETOOTH байланысы қолданылған кезде)

  • Шамамен 12 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 34 мәніне орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері STAMINA режиміне орнатылған.

  • Шамамен 10 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 31 мәніне орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері EXTRA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

  • Шамамен 3 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге (50) орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері EXTRA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі біз белгілеген музыка көзін қолданып өлшенген.

Дыбыс деңгейіне, ойнатылған әндерге, айнала температурасына және қолдану жағдайларына байланысты іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзімі тізімде көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.

Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде

Дауыстық нұсқауда « Please charge» (Зарядтау қажет) деп айтылып, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

Тұспал

  • Сондай-ақ динамиктің кірістірілген батареясын динамикке жалғанғанe USB кабелін USB зарядтау портымен жабдықталған компьютерге жалғау арқылы зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлер тексеріліп, осы процедураға сәйкес келетіні анықталған жоқ, сондай-ақ бұл процедура үйде құрастырылған компьютерлерге жарамды емес.

  • Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына немесе USB зарядтау портымен жабдықталған компьютерге жалғанып тұрғанда, динамиктен музыка ойнатылып жатса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады. Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

Ескерту

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде қолдансаңыз, динамик USB айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса да, USB айнымалы ток адаптерінің түріне немесе сипаттамаларына байланысты қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қалған заряды азаюы немесе динамик өшуі мүмкін. Бірақ бұл ақаулық емес. Мұндай жағдай орын алса, динамикті өшіріп, оны қайтадан қолданбас бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

  • Динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақаулық емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін USB кабелін ағытып, 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырайтын жерде зарядтамаңыз. Бірге берілген USB Type-C® кабелі, сондай-ақ қақпақ артындағы USB порты су өткізбейтіндей етіп те, шаң өткізбейтін етіп де жасалмаған.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profile) стандартымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, динамиктің қалған батарея заряды Android смартфонында немесе iPhone/iPod touch құрылғысында көрсетілмейді.

  • Android смартфоны BLUETOOTH байланыстарын орнату үшін A2DP (Advanced Audio Distribution Profile) стандартын ғана қолдануға реттелген болса, динамиктің қалған батарея заряды смартфонда көрсетілмейді.