BLUETOOTH күту функциясын қолдану

BLUETOOTH күту функциясы қосылып тұрған кезде, BLUETOOTH құрылғысын қолданғанда, динамик автоматты түрде қосылып, BLUETOOTH байланысын іске қосады.

Динамикті пайдаланудан бұрын, төмендегілерді ескеріңіз:

  • BLUETOOTH күту функциясы динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда ғана іске қосылады. Динамик тек қайта зарядталатын кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, BLUETOOTH күту функциясы өшеді.

  • Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен алдын ала жұптастырыңыз. Жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған болса, мысалы, динамик сатып алынғаннан кейін алғаш рет қолданылған кезде, динамик BLUETOOTH күту режиміне кірмейді.

  1. Динамикті USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғаңыз.
  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

  3. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.

    Music Center

  4. [SRS-XB23] құрылғысын түртіңіз.

  5. [Settings] тармағын түртіңіз.

  6. [Power Option] тармағын түртіңіз.
  7. [Bluetooth Standby] тармағын түртіңіз.
  8. BLUETOOTH күту режимін қосу үшін [ON] тармағын түртіңіз.

BLUETOOTH күту функциясын өшіру

BLUETOOTH күту режимін өшіру үшін 3-ші7-ші-қадамдарды қайтадан орындаңыз.

Тұспал

  • BLUETOOTH күту функциясы іске қосылған кезде, динамик өшіп тұрғанда, (қуат) индикаторы сарғылт түспен жанады.