Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес

  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын бір-бірінен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.

  • Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолдану үшін (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикпен жұптастырыңыз.

  • (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен екі рет жыпылықтап тұрмаса, (BLUETOOTH) түймесін басыңыз. Дауыстық нұсқау естіліп (BLUETOOTH pairing (BLUETOOTH арқылы жұптастыру)), (BLUETOOTH) индикаторы екі рет жыпылықтай бастайды (жұптастыру режимі).

  • Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылғаннан кейін, iPhone/iPod touch құрылғысы динамикке жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch құрылғысындағы жұптастыру ақпаратын өшіріп, оларды қайтадан жұптастырыңыз.

  • BLUETOOTH құрылғысы қосылғанын және құрылғыда BLUETOOTH функциясы іске қосылғанын тексеріңіз.

  • Динамик BLUETOOTH құрылғысында көрсетілмесе, құрылғыны өшіріп, одан кейін оны қайтадан қосыңыз. Осы әрекеттер мәселені шешуге көмектесуі мүмкін.