Динамикке күтім жасау әдісі
Динамиктің мата бөлшегінде су өткізбейтін материал қолданылғандықтан, төмендегі техникалық қызмет көрсету процедурасын сақтау арқылы динамикті ыңғайлырақ және ұзағырақ пайдалануға болады.
-
Динамик сырты ластанған кезде, оны дереу тұщы сумен (құбыр суы, т.б.) шайып, тазартыңыз. Егер оның бетінде лас қалса, мата бөлшегі не пассив радиатор бөлігі өңсізденеді немесе зақымдалады, я болмаса динамик істен шығады.
Мыс.,
-
Жағажайда, бассейннің шетінде, т.б. пайдаланудан кейін динамикте тұз, құм, т.б. тұрып қалса.
-
Динамикте бөгде заттар (күннен қорғау кремі, күнге күю майы, т.б.) тұрып қалса
-
-
Егер динамик суланып қалса, ылғалды құрғақ шүберекпен дереу сүртіңіз. Оған қоса динамикті құрғақ жерде ылғал кеткенше құрғатыңыз.
-
Динамик бөлігіне немесе пассив радиатор бөлігіне су кірсе, дыбыс сапасы өзгеруі мүмкін (). Бірақ бұл ақаулық емес. Динамик бетінен ылғалды сүртіп тастап, динамик ішінен су ағып кетуі үшін оны құрғақ, жұмсақ шүберекке қойыңыз. Одан кейін кебуі үшін динамикті жақсылап желдетілетін жерде қалдырыңыз.
Ескерту
-
Егер динамиктің беті ластанып қалса, динамикті тазалау үшін жуғыш құралды, сұйылтқышты, бензинді, спиртті, т.б. заттарды пайдаланбаңыз, себебі ол динамиктің мата бөлшегінің су өткізбейтін қасиетіне әсер етеді.
-
Әсіресе суық аймақтарда динамикті пайдаланғаннан кейін ылғалды міндетті түрде сүртіңіз. Егер ылғал оның бетінде қалса, динамиктің қатып қалуына және ақаулыққа әкелуі мүмкін.
-
Егер құм түйіршіктері сияқты заттар динамиктің мата немесе басқа бөлшегіне кірсе, оларды абайлап кетіріңіз. Кетіру үшін шаңсорғышты немесе соған ұқсас құралды қолдануға болмайды, себебі ол динамикті немесе басқа құрылғыны зақымдауы мүмкін.