Динамикті зарядтау

Динамик бірге берілген АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) жалғанған АТ розеткасынан немесе қайта зарядталатын кірістірілген литий-ион батареясынан алынған қуатпен жұмыс істейді.

Динамикті алғаш рет қолданған кезде, динамикті қосудан бұрын, кірістірілген батареяны 1 сағаттан астам уақыт зарядтаңыз.

Кірістірілген батареяны алдын ала зарядтап алып, динамикті тек батарея қуатымен қолдануға болады.

Тұспал

  • Динамиктің кірістірілген батареясын зарядтау үшін «Қалыпты зарядтау» және «Battery Care» режимдерін қолдануға болады. Battery Care режимі максималды зарядтау деңгейін шамамен 90%-ға шектеп, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады. Осы режимде ойнату уақыты белгіленген мөлшерден аз болады. Сатып алған кезде, динамик әдепкі мәні бойынша қалыпты зарядтау режимінде болады.

  • Динамикті «Sony | Music Center» қолданбасымен Battery Care режиміне/режимінен қоюға/шығаруға болады.

  1. Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына жалғаңыз.

    Динамиктегі AC кіріс қуат ұясын бірге берілген АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) АТ розеткасына жалғаңыз.

    Батарея зарядтала бастайды да, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанады. Зарядтау шамамен 3 сағатта* аяқталып, индикатор өшеді.

    * Динамик өшіп тұрған кезде, бос кірістірілген батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.


    Батарея зарядталып болған кезде динамиктен АТ қуат кабелін (ток желісінің кабелі) ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз.

    Қақпақтың маңызы суға төзімділік қасиетін қадағалау кезінде өте жоғары болады.

Зарядтаудың аяқталуын тексеру

Динамикті АТ розеткасына қосқан кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.

Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның зарядын тексеру

  • Динамик қосылып тұрғанда, оның артқы жағындағы BATTERY түймесін басқаннан кейін, кірістірілген батареяның қалған қуатына байланысты динамиктен төменде көрсетілген дауыстық нұсқау шығарылады.

    91–100%: «Battery Fully Charged» (Батарея толығымен зарядталған)

    81–90%: «Battery about 90%» (Батарея заряды — шамамен 90%)

    81–90% (Battery Care режимі): «Battery Care Mode, Fully Charged, Battery about 90%» (Battery Care режимі, толығымен зарядталған, батарея заряды — шамамен 90%)

    71–80%: «Battery about 80%» (Батарея заряды — шамамен 80%)

    61–70%: «Battery about 70%» (Батарея заряды — шамамен 70%)

    51–60%: «Battery about 60%» (Батарея заряды — шамамен 60%)

    41–50%: «Battery about 50%» (Батарея заряды — шамамен 50%)

    31–40%: «Battery about 40%» (Батарея заряды — шамамен 40%)

    21–30%: «Battery about 30%» (Батарея заряды — шамамен 30%)

    11–20%: «Battery about 20%» (Батарея заряды — шамамен 20%)

    1–10%: «Please Charge» (Зарядтау қажет)

    Тұспал

    • «Sony | Music Center» қолданбасынан динамикті қосқан кезде естілетін қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқауды іске қосуға/өшіруге болады.

Кірістірілген батареяның қызмет ету мерзімі (динамик Battery Care режимінде тұрмағанда және BLUETOOTH байланысы орнатылып тұрғанда)

(SRS-XP700)

  • Шамамен 25 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 13 мәніне орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы өшірілген.

  • Шамамен 20 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 13 мәніне орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

  • Шамамен 6 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге (50) орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы өшірілген.

  • Шамамен 5 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге (50) орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

(SRS-XP500)

  • Шамамен 20 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 16 мәніне орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы өшірілген.

  • Шамамен 10 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 16 мәніне орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

  • Шамамен 6,5 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге (50) орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы өшірілген.

  • Шамамен 5 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге (50) орнатылған кезде.

    Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

Кірістірілген батареяның қызмет ету мерзімі (кірістірілген батарея 10 минут зарядталғаннан кейін)

(SRS-XP700)

10 минут зарядтау шамамен 3 сағат музыка ойнатуға мүмкіндік береді. (Динамиктің дыбыс деңгейі 13 мәніне орнатылған кезде, дыбыс әсері MEGA BASS мәніне орнатылған кезде және жарықтандыру функциясы өшірілген кезде.)


(SRS-XP500)

10 минут зарядтау шамамен 80 минут музыка ойнатуға мүмкіндік береді. (Динамиктің дыбыс деңгейі 16 мәніне орнатылған кезде, дыбыс әсері MEGA BASS мәніне орнатылған кезде және жарықтандыру функциясы өшірілген кезде.)


Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі біз белгілеген музыка көзін қолданып өлшенген.

Дыбыс деңгейіне, ойнатылған әндерге, айнала температурасына және қолдану жағдайларына байланысты іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзімі тізімде көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.

Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде

Дауыстық нұсқауда «Please charge» (Зарядтау қажет) деп айтылып, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

Ескерту

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін динамиктен бірге берілген АТ қуат кабелін (ток желісінің кабелі) ағытып, одан кейін 535 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырауы ықтимал жерлерде зарядтамаңыз. Бірге берілген АТ қуат кабелі (ток желісінің кабелі), сондай-ақ қақпақ артындағы ұялар мен порттар (AC IN/USB/AUDIO IN/MIC/GUITAR) суға төзімді болып жасалмаған.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.