BLUETOOTH байланысы арқылы компьютерге жалғау (Mac)

Жұптастыру дегеніміз — сымсыз жалғанатын BLUETOOTH құрылғыларында ақпаратты екі жақты тіркеу үшін қажетті процесс.

Алғаш рет BLUETOOTH байланысын орнату үшін құрылғыны динамикке жұптастыру қажет. Басқа құрылғыларды жұптастыру үшін дәл осындай процедураларды орындаңыз.

Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер

macOS Catalina (10.15 нұсқасы)

Іске кіріспес бұрын, мына әрекеттерді орындаңыз.

  • Компьютерді динамиктен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.

  • Динамикті бірге берілген АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) АТ розеткасына жалғаңыз. Немесе қайта зарядталатын кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Мәлімет алу үшін компьютердің пайдалану нұсқауларын дайын ұстаңыз.

  • Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысының және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз немесе музыканың ойнатылуын тоқтатыңыз.

  • Компьютерге байланысты кірістірілген BLUETOOTH адаптерін қосыңыз.

    BLUETOOTH адаптерін қосу жолын немесе компьютерде кірістірілген BLUETOOTH адаптерінің бар-жоғын білмесеңіз, компьютердің пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • Компьютердің динамигін қосылған күйге орнатыңыз.

    Компьютердің динамигі (дыбыссыз) режимге орнатылған болса, BLUETOOTH динамигінен дыбыс шықпайды.

    • Компьютердің динамигі қосылған күйге орнатылған кезде:

  1. Динамикті қосыңыз.

  2. (BLUETOOTH) индикаторының жану күйін тексеріңіз.

    Индикатор екі рет жыпылықтап тұрғанда

    Динамикті сатып алғаннан бері BLUETOOTH құрылғысымен алғаш рет жұптастырғаннан немесе динамиктің бастапқы параметрлерін орнатқаннан (динамикте жұптастыру ақпараты жоқ) кейін, ол қосылған кезде автоматты түрде жұптастыру режиміне өтеді. 4-ші-қадамға өтіңіз.

    Индикатор баяу жыпылықтап тұрғанда

    Динамик BLUETOOTH байланыстарын іздеп жатыр.

    • Динамикті екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру үшін (динамикте басқа BLUETOOTH құрылғыларының жұптастыру ақпараты болмағанда), 3-ші-қадамға өтіңіз.

    • Динамикті онымен бұдан бұрын жұптастырылған BLUETOOTH құрылғыларының біреуіне қайта жалғау үшін 4-ші-қадамға өтіңіз.

      BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамик қосыла сала сол құрылғыға қайтадан жалғануы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    Индикатор жанып тұрғанда

    Динамик BLUETOOTH құрылғыларының біреуіне әлдеқашан жалғанып тұр.

    Динамикті басқа BLUETOOTH құрылғысына жалғау үшін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Динамикті екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру үшін (динамикте басқа BLUETOOTH құрылғыларының жұптастыру ақпараты болмағанда), 3-ші-қадамға өтіңіз.

    • Динамикті онымен бұдан бұрын жұптастырылған BLUETOOTH құрылғыларының біреуіне қайта жалғау үшін 4-ші-қадамға өтіңіз.

  3. (BLUETOOTH) түймесін басыңыз.

    Динамиктен дауыстық нұсқау естіліп (BLUETOOTH pairing (BLUETOOTH арқылы жұптастыру)), (BLUETOOTH) индикаторы екі рет жыпылықтай бастайды (жұптастыру режимі).

  4. Компьютерде динамикті іздеңіз.
    1. Экранның төменгі оң жақ бөлігіндегі тапсырмалар тақтасында [(System Preferences)] - [Bluetooth] пәрмендерін басыңыз.

    2. Bluetooth экранынан [SRS-XP700] немесе [SRS-XP500] құрылғысын таңдап, одан кейін [Pair] пәрменін басыңыз.

  5. BLUETOOTH байланысын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

    Байланыс орнату әрекеті нәтижелі болмаса, 3-ші-қадамнан бастап процедураны қайталаңыз.

  6. Экранның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі динамик белгішесін басып, [Output Device] мәзірінен [SRS-XP700] немесе [SRS-XP500] құрылғысын таңдаңыз.

    Компьютерден музыка ойнатуға, т.б. әрекеттерді орындауға болады.

Тұспал

  • Жоғарыдағы компьютерде орындалатын нұсқаулар мысал ретінде берілген. Толық мәлімет алу үшін компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз. Оған қоса барлық компьютерлер тексеріліп, жоғарыдағы процедураға сәйкес келетіні анықталған жоқ, сондай-ақ бұл процедура үйде құрастырылған компьютерлерге жарамды емес.

  • Динамик бір уақытта 2 BLUETOOTH құрылғысының жалғанып тұруын қолдайды. Бір құрылғыда музыка ойнатылып тұрғанда екінші құрылғыда музыка ойнатыла бастаса, динамик аудио көзін бірінші құрылғыдан екінші құрылғыға ауыстырып, дыбысты екінші құрылғыдан шығара бастайды (Бірнеше құрылғы байланысы).

Ескерту

  • Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін босатылады да, (BLUETOOTH) индикаторы баяу жыпылықтайды. Дегенмен динамикте жұптастыру ақпараты болмаған кезде, мысалы зауыттық параметрлер орнатылғанда, жұптастыру режимі босатылмайды. Жұптастыру режимі процесс аяқталмай тұрып босатылса, 3-ші-қадамнан қайта бастаңыз.

  • BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, оларды мына жағдайлардан басқа жағдайларда қайтадан жұптастыру қажет емес:

    • Жөндеуден, т.б. жұмыстардан кейін жұптастыру ақпараты жойылған.

    • Динамик 8 құрылғымен жұптастырылып, тағы бір құрылғымен жұптастыруға әрекет жасалуда.

      Динамикті ең көбі 8 құрылғымен жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін, жаңа құрылғы жұптастырылса, осы жаңа құрылғы ең алғаш болып жұптастырылған құрылғыны алмастырады.

    • Динамиктің жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.

    • Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылады.

      Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, ол компьютерге жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайтадан орындаңыз.

  • Динамикті бірнеше құрылғымен жұптастыруға болады, бірақ музыка бір уақытта бір жұптастырылған құрылғыдан ғана ойнатылады.

  • Динамиктің құпия кілті: «0000». BLUETOOTH құрылғысында «0000» кодынан басқа құпия кілт орнатылған болса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.

  • Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолдану мүмкін емес.