Сыртқы микрофонды қолдану
Әдеттегі айырмен динамикалық микрофонды (Φ 6,3 мм) (бөлек сатылады) жалғап, дауысыңызды динамиктен шығаруға болады.
-
Микрофонның дыбыс деңгейін азайту үшін MIC деңгей тұтқасын немесе MIC және GUITAR деңгей тұтқасын MIN мәніне бұраңыз.
-
Динамиктегі MIC1 ұясына немесе MIC2/GUITAR ұясына сыртқы микрофонды жалғаңыз.
-
MIC деңгей тұтқасымен немесе MIC және GUITAR деңгей тұтқасымен дыбыс деңгейін реттеңіз.
-
Жалғанған микрофонға сөйлеңіз немесе ән салыңыз.
Ескерту
-
Сауық кешінде жалғау немесе Стерео режимде жұптастыру функциясын қолданған кезде, дыбыс микрофон жалғанып тұрған динамиктен ғана шығады.