Гитараның дыбысын тыңдау
Гитараны динамиктегі MIC2/GUITAR ұясына (Φ 6,3 мм) жалғау арқылы соның дыбысын тыңдай аласыз. Динамиктегі MIC1 ұясына (Φ 6,3 мм) сыртқы микрофонды жалғау арқылы гитара тартып, ән салуыңызға болады.
-
Гитараның дыбыс деңгейін азайту үшін MIC және GUITAR деңгей тұтқасын MIN мәніне қарай бұраңыз.
-
Гитара жалғауға арналған аспап кабелімен (бөлек сатылады) гитараны динамиктегі MIC2/GUITAR ұясына жалғаңыз.
-
Динамиктегі GUITAR түймесін басыңыз.
GUITAR индикаторы ақ түспен жанады.
-
Гитараны ойнаған кезде, гитараның дыбыс деңгейін реттеңіз.
Гитараның дыбысы динамиктен шығады.
Динамикті гитара режимінен шығару
Динамиктегі GUITAR түймесін тағы бір рет басыңыз.
Ескерту
-
Гитараны динамикке жалғаудан бұрын, гитараның дыбыс деңгейін төмендету үшін MIC және GUITAR деңгей тұтқасын «MIN» мәніне қарай бұраңыз.
-
Динамикке микрофон немесе гитара жалғанып тұрғанда, Auto Standby функциясы өшіп тұрады.