Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау

BLUETOOTH құрылғысы төмендегі BLUETOOTH профильдерін қолдаса, BLUETOOTH байланысы арқылы динамикпен сол құрылғыдағы музыканы тыңдауға және оны басқаруға болады.

A2DP (Advanced Audio Distribution Profile)

Жоғары сапалы аудио мазмұнды сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.

AVRCP (Audio Video Remote Control Profile)

Дыбыс деңгейін реттеуге және ойнату, кідірту немесе келесі/ағымдағы әннің басына өту үшін басқаруға мүмкіндік береді.

BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын да қараңыз.

Ескерту

  • Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысымен мен динамиктің дыбыс деңгейлері орташа деңгейге орнатылғанына алдын ала көз жеткізіңіз.

    BLUETOOTH құрылғысына қарай құрылғыда ойнату тоқтатылып/кідіртіліп тұрғанда, BLUETOOTH құрылғысынан динамиктің дыбыс деңгейін реттей алмауыңыз мүмкін.

  1. USB құрылғысы немесе аудио кабель PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына жалғанып тұрған кезде, құрылғыны немесе кабельді ажыратыңыз.

    USB құрылғысы немесе аудио кабель PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына жалғанып тұрған кезде, қандай да бір BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдай алмайсыз.

  2. Динамикті BLUETOOTH құрылғысына жалғаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

  3. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
  4. Динамиктегі /+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басу арқылы немесе BLUETOOTH құрылғысымен дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Динамикте /+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.

    Қолданып отырған BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктегі (қуат) индикаторы тіпті BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде де жыпылықтамауы мүмкін.

    Ойнату кезінде динамиктегі түймелерді мына әрекеттерді орындау үшін қолдануға болады.

    Кідірту

    Кідірту үшін ойнату кезінде (ойнату) түймесін басыңыз. Кідіртуді доғару үшін оны қайта басыңыз.

    Келесі әннің басына өту

    Ойнату кезінде (ойнату) түймесін екі рет жылдам басыңыз.

    Ағымдағы немесе алдыңғы әннің басына өту*

    Ойнату кезінде (ойнату) түймесін 3 рет жылдам басыңыз.

    * Әрекеттер қолданып отырған BLUETOOTH құрылғысына байланысты болады.

Тұспал

  • Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

Ескерту

  • Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • Байланыс шарттары нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге сәйкес әрекет етпеуі мүмкін.

  • BLUETOOTH құрылғысында музыка ойнатылып жатқанда, PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына қандай да бір құрылғыны жалғамаңыз. PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына құрылғыны жалғанса, динамик автоматты түрде USB режиміне немесе AUDIO IN режиміне қойылып, қандай да бір BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдай алмайтын боласыз.

  • Динамиктің PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына қандай да бір құрылғы жалғанып тұрған кезде де, мысалы «Sony | Music Center» қолданбасында [My Library] опциясын таңдау арқылы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдауға болады.

  • Температурасы жоғары жерде қолданған кезде, кірістірілген батареяны қорғау үшін дыбыс деңгейі төмендеуі мүмкін.

  • Кірістірілген батарея заряды аз болса, динамиктің ең жоғары шығыс қуаты азаяды.

  • BLUETOOTH құрылғысына қарай жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін реттеу немесе аудио шығыс параметрін орнату қажет болуы мүмкін.

  • Динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысына, байланыс ортасына немесе пайдалану ортасына қарай шу пайда болуы немесе дыбыс үзілуі мүмкін.