Мәселені шешу үшін қандай әрекеттерді қолдануға болады?

Динамик күткендей жұмыс істемесе, мәселені шешу үшін төмендегі қадамдарды орындап көріңіз.

  • Мәселенің нышандарын осы Көмекші нұсқаулық бөлімінен іздеп, тізімде берілген ақаулықты жою шараларын қолданып көріңіз.

  • Динамикті зарядтаңыз.

    Кейбір мәселелер кірістірілген батареяны зарядтау арқылы шешілуі мүмкін.

  • Динамикті қайта қосыңыз.

  • Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатыңыз.

    Осы әрекет дыбыс деңгейі, т.б. сияқты параметрлердің әдепкі зауыттық мәндерін қалпына келтіріп, барлық жұптастыру ақпаратын өшіреді.

  • Тұтынушыларды қолдау вебсайтынан мәселеге қатысты мәліметті іздеңіз.

  • Динамик туралы қолдау мәліметін алу үшін мына қолдау беттеріне кіріңіз:

Жоғарыдағы әрекеттер нәтиже бермесе, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.