Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын зарядтау

Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын динамикке USB арқылы жалғап, зарядтауға болады. Динамик АТ розеткасына қосылып тұрмаса да, оның кірістірілген батареясы USB құрылғысына қуат бере алады.

  1. Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын USB кабелімен (бөлек сатылады) PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе CHARGE портына (USB2) жалғаңыз.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады және динамик жалғанған USB құрылғысына батареяны зарядтау үшін қуат бере бастайды.

Қоректендіру тогы туралы мәлімет

Қоректендіру тогы жалғанған USB құрылғыларының санына және динамиктің дыбыс деңгейіне қарай 3 токтың біріне реттеледі (1,5 A/1 A/0,5 A).

Дегенмен USB құрылғылары USB1 және USB2 порттарына бір уақытта жалғанып тұрғанда, 2 порттың жалпы қоректендіру тогы ең көбі 2 A-мен шектеледі.

Ескерту

  • Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, Auto Standby функциясы өшеді.

  • Динамик тек қайта зарядталатын кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, динамик өшірілген кезде, жалғанған USB құрылғысына қуат беру тоқтатылады.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырауы ықтимал жерлерде зарядтамаңыз. Бірге берілген АТ қуат кабелі (ток желісінің кабелі), сондай-ақ қақпақ артындағы ұялар мен порттар (AC IN/USB/AUDIO IN/MIC/GUITAR) суға төзімді болып жасалмаған.

  • Батарея зарядталып болған кезде динамиктен USB кабелін ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз. Қақпақтың маңызы суға төзімділік қасиетін қадағалау кезінде өте жоғары болады.