Музыканы 2 динамикпен сымсыз тыңдау (Стерео режимде жұптастыру функциясы)

Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін 2 SRS-XP700 немесе SRS-XP500 динамигі қажет. 2 динамикті BLUETOOTH байланысы арқылы жалғап, қуаттырақ дыбысты тыңдай аласыз.

BLUETOOTH арқылы жалғанған 2 динамик дыбыстарды стерео режимде ойнатады, сол кезде 1 динамик дыбысты оң арнада (оң жақта), ал екінші динамик дыбысты сол арнада (сол жақта) ойнатады.

Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.


«Sony | Music Center» қолданбасымен Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін қолданылатын байланысты орнатуға немесе ажыратуға болады.

«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:

https://www.sony.net/smcqa/

Ескерту

  • Динамик USB немесе AUDIO IN режимінде тұрғанда, Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану мүмкін емес.

    Динамиктегі PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы сияқты USB құрылғысы немесе аудио құрылғы жалғанса, динамик автоматты түрде USB режиміне немесе AUDIO IN режиміне ауыстырылып, Стерео режимде жұптастыру функциясы өшіріледі.

  • Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін, BLUETOOTH құрылғысымен байланыс орнатудан бұрын, динамиктің және BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін төмендетіңіз немесе BLUETOOTH құрылғысында музыканың ойнатылуын тоқтатыңыз.

Тұспал

  • Динамиктерді өшірген кезде, Стерео режимде жұптастыру функциясы өшпейді. Динамиктердің біреуі қайта қосылған кезде, ол Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатуға әрекет жасайды. Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін екінші динамикті 1 минут ішінде қосыңыз. Дегенмен BLUETOOTH күту функциясы екі динамикте де іске қосылып тұрған кезде, динамиктердің біреуі қосылса, екінші динамик те қосылып, Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатылады.