Бірнеше динамикпен сымсыз ойнатылған музыканы тыңдау (Сауық кешінде жалғау функциясы)

Сауық кешінде жалғау функциясымен үйлесімді бірнеше құрылғыны (ең көбі 100 құрылғы) жалғау арқылы сауық кешін жоғары дыбыс деңгейімен жандандыра аласыз.

Party Chain сымсыз функциясымен үйлесімді құрылғыларды жалғау үшін қолдануға болмайды.

Сауық кешінде жалғау функциясымен үйлесімді құрылғылар*:

LSPX-S3, SRS-XP700, SRS-XP500, SRS-XG500, SRS-XG300, SRS-XB43, SRS-XB33, SRS-XB23, SRS-XE300, SRS-XE200

* Еліңізге немесе аймағыңызға байланысты кейбір үйлесімді құрылғыларды сатып ала алмауыңыз мүмкін.


Динамикті пайдаланудан бұрын, төмендегілерді қамтамасыз етіңіз:

  • Функцияға жалғау үшін әрбір динамиктегі алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

    (Жаңарту процедурасы туралы мәлімет алу үшін Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту бөлімін қараңыз.)

  • Функцияға жалғанатын барлық динамиктер 1 м жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

  • Музыка ойнатылып жатса, оны тоқтатыңыз.

  1. Бірінші динамикті орнату.

    Төменде SRS-XP700 немесе SRS-XP500 құрылғысын бірінші динамик ретінде орнату мысалы берілген. Сауық кешінде жалғау функциясымен үйлесімді басқа құрылғыларды орнату үшін солармен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    1. Динамиктегі(қуат) түймесін басыңыз.

      (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.

    2. BLUETOOTH құрылғысын динамикке BLUETOOTH байланысы арқылы жалғаңыз.

      BLUETOOTH құрылғысының түріне байланысты мына тақырыптарды қараңыз.

      BLUETOOTH ® құрылғыларымен жұптастыру және оларға жалғау

      BLUETOOTH байланысы арқылы компьютерге жалғау (Windows)

      BLUETOOTH байланысы арқылы компьютерге жалғау (Mac)

      BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

    3. Динамиктің артқы жағындағы PARTY CONNECT түймесін басыңыз.

      Сигнал естіліп, (BLUETOOTH) индикаторы және PARTY CONNECT индикаторы жыпылықтайды. Шамамен 6 секундтан кейін PARTY CONNECT индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұра бастайды және сигнал естіледі. Сауық кешінде жалғау функциясы үшін байланыс орнатылып жатқан кезде, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жанып тұрудан жыпылықтау күйіне ауысады.

  2. Екінші не одан көп динамикті жалғау.

    Төменде SRS-XP700 немесе SRS-XP500 құрылғысын екінші динамик ретінде орнату мысалы берілген. Сауық кешінде жалғау функциясымен үйлесімді басқа құрылғыларды жалғау үшін солармен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    1. Динамиктегі(қуат) түймесін басыңыз.

      Сіз қосқан динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.

    2. PARTY CONNECT түймесін басыңыз.

      Сигнал естіліп, (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтайды және PARTY CONNECT индикаторы жанады, одан кейін(BLUETOOTH) индикаторы сөнеді. PARTY CONNECT индикаторы жанып тұра береді.

      Тұспал

      • Екінші динамикті 1 минут ішінде жалғаңыз. 1 минут не одан көп уақыт өткеннен кейін, динамикті орнату процесі тоқтатылады.

    3. Қосымша динамиктерді жалғау үшін 2-ші-тармақтың 12-қадамдарын қайталаңыз.

      Тұспал

      • Үшінші не одан көп динамикті жалғаған кезде, әрбір келесі динамикті алдыңғы динамикті жалғаған кезден бастап 30 секунд ішінде жалғаңыз. 30 секунд не одан көп уақыт өткеннен кейін, динамикті жалғау мүмкін болмайды.

      • Бір динамикті жалғағаннан кейін (30 секунд не одан көп) басқа динамикті қосқыңыз келсе, 1-ші-тармақтың 3-қадамын, одан кейін 2-ші-тармақтың 12-қадамдарын орындаңыз.

      Сауық кешінде жалғау функциясы үшін байланыс орнатылған кезде, барлық динамиктердегі PARTY CONNECT индикаторлары жанып тұрады. Одан кейін бірінші динамиктегі (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

  3. Жалғанған BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Сол музыка барлық динамиктерден ойнатылады.

    BLUETOOTH құрылғысында немесе құрылғыға (бірінші ретінде орнатылған динамик) жалғанған динамикте дыбыс деңгейін реттеген кезде, барлық динамиктердің дыбыс деңгейлері автоматты түрде реттеледі. Басқа динамиктердің (екінші не одан кейін динамик жинағы) әрбірінде де дыбыс деңгейін реттей аласыз.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан Сауық кешінде жалғау функциясы үшін байланыс орнатуға немесе Сауық кешінде жалғау функциясын өшіруге болады.

    «Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:

    https://www.sony.net/smcqa/

  • Динамиктің жарықтандыру режимі бірінші динамик ретінде реттелген динамиктің түріне байланысты өзгереді.

  • Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, кодек автоматты түрде SBC кодегіне ауысады.

Ескерту

  • Сауық кешінде жалғау функциясымен фильм қараған кезде, бейне мен аудио арасында кешігу болуы мүмкін.

  • Динамик USB немесе AUDIO IN режимінде тұрғанда, Сауық кешінде жалғау функциясын қолдану мүмкін емес.

    Динамиктегі PLAY/CHARGE портына (USB1) немесе AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы сияқты USB құрылғысы немесе аудио құрылғы жалғанса, динамик автоматты түрде USB режиміне немесе AUDIO IN режиміне ауыстырылып, Сауық кешінде жалғау функциясы өшіріледі.