Бір уақытта жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғыларын (Бірнеше құрылғы байланысы) ауыстыру
Динамик бір уақытта 2 BLUETOOTH құрылғысының жалғанып тұруын қолдайды. Бір құрылғыда музыка ойнатылып тұрғанда екінші құрылғыда музыка ойнатыла бастаса, динамик аудио көзін бірінші құрылғыдан екінші құрылғыға ауыстырып, дыбысты екінші құрылғыдан шығара бастайды.
-
BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ ол құрылғылар тіркесіне байланысты жалғанбауы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
Динамикті қосу үшін оның (қуат) түймесін басыңыз.
-
Динамикті смартфондар немесе iPhone құрылғылары сияқты BLUETOOTH құрылғыларымен жұптастырыңыз.
A2DP/AVRCP арқылы бір уақытта ең көбі 2 BLUETOOTH құрылғысына жалғануға болады.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіледі (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)).
Ескерту
-
Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолдану мүмкін емес.
-
BLUETOOTH құрылғысына байланысты бір уақытта 2 BLUETOOTH байланысын орната алмауыңыз мүмкін.
-
Бірнеше құрылғы байланысы функциясын өшіру мүмкін емес.
Бірнеше құрылғы байланысын өшіру
-
Динамикті өшіру үшін оның (қуат) түймесін басыңыз.
-
Қалаған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын немесе қуатты өшірген кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіліп (BLUETOOTH disconnected (BLUETOOTH ажыратылды)), динамикпен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылады.