Дыбыс әсерлерін ауыстырып қолдану

Динамиктегі дыбыс әсерлерін ауыстырып қолдануыңызға болады.

Динамикалығы әдеттегіден жоғары дыбысты тыңдау (MEGA BASS әсері)

Төмендегі процедуралардың біреуін орындау арқылы дыбыс әсерін MEGA BASS режиміне орнатуға болады.

Сатып алған кезде, дыбыс әсері әдепкі мәні бойынша MEGA BASS режиміне орнатылып тұрады.

  • «Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XP700] немесе [SRS-XP500] - [Settings] - [Sound] - [Sound Effect] - [MEGA BASS] тармағын түртіңіз.

  • Динамиктегі MEGA BASS түймесін басыңыз.

    Түйме басылған сайын MEGA BASS режимі қосылады/өшіріледі.

Концертте тұрғандай тыңдау (LIVE SOUND әсері)

«Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XP700] немесе [SRS-XP500] - [Settings] - [Sound] - [Sound Effect] - [LIVE SOUND] тармағын түртіңіз.

Эквалайзер параметрін қалаған мәнге орнату (CUSTOM)

  1. «Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XP700] немесе [SRS-XP500] - [Settings] - [Sound] тармағын түртіңіз.

  2. Төмендегілерді істеңіз.

    • [Sound Effect] - [CUSTOM] опциясын түртіңіз.

    • [Custom EQ] опциясын түртіп, одан кейін эквалайзер параметрін қалауыңызша реттеңіз.

Динамикті қайта зарядталатын батареясының зарядын үнемдеп қолдану (STAMINA режимі)

Төмендегі процедуралардың біреуін орындау арқылы дыбыс әсерін STAMINA режиміне орнатуға болады.

  • «Sony | Music Center» қолданбасында [SRS-XP700] немесе [SRS-XP500] - [Settings] - [Power Option] тармағын түртіп, одан кейін [STAMINA] опциясын таңдаңыз.

  • Динамиктегі MEGA BASS/ STAMINA түймесін шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.

    Дыбыс әсерін STAMINA режиміне ауыстыру үшін MEGA BASS/ STAMINA түймесін қайтадан басыңыз.

Дыбыс әсері STAMINA режиміне орнатылып тұрғанда, жарықтандыру функциясы және дыбыс әсерлері, оның ішінде MEGA BASS режимі өшіріледі.