Индикаторлар туралы мәлімет

CHARGE индикаторы (сарғылт)

Өшеді Динамик зарядталып болды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Кірістірілген батареяның заряды 20%-дан аз, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Динамик қосылып тұрғанда, ол бірге берілген АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) АТ розеткасына жалғанып тұрса, кірістірілген батарея зарядталып отырады.

    Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Қоршаған орта температурасы аса төмен не жоғары болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін динамик кірістірілген батареяны зарядтауды тоқтатады. Зарядтау ұзақ уақыт жасалса да, ол зарядталуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температураны 535 °C аралығындағы жұмыс температурасына дейін көтеріп не төмендетіп, АТ қуат кабелін (ток желісінің кабелі) ағытып, қайта жалғаңыз да, динамик батареяны қайта зарядтағанша күтіңіз.

(қуат) индикаторы

Өшеді Динамик өшеді.
Жанады (жасыл) Динамик қосылады.
Жанады (сарғылт) Динамик өшеді. Динамик BLUETOOTH күту режиміне орнатылады.
Жыпылықтайды (жасыл немесе сарғылт)
  • -/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған сайын индикатор бір рет жыпылықтайды.

  • -/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін қолданған кезде, дыбыс деңгейі ең төмен (0) немесе ең жоғары (музыка ойнату үшін 50) деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор 3 рет жыпылықтайды.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту процесі ілгерілей түскенде, жасыл (қуат) индикаторының күйі ауысады (5 рет жыпылықтаудан 4 рет жыпылықтауға, бір рет жыпылықтауға және одан кейін сөніп тұратын күйге*).

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту процесі «Sony | Music Center» қолданбасынан тоқтатылған кезде, индикатор жасыл түспен 4 рет жыпылықтайды.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту кезінде қате пайда болса, индикатор сарғылт түспен 4 рет жыпылықтайды.

* Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.

(BLUETOOTH) индикаторы (көгілдір)

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Екі рет жыпылықтайды

Динамик жұптастыру режиміне кіреді.

Баяу жыпылықтайды

Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғануды күтіп тұр.

3 рет жыпылықтайды Бағдарламалық құрал жаңартылып болды.

MEGA BASS индикаторы (қызыл)

Жанады Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған.
Өшеді Дыбыс әсері MEGA BASS режимінен басқа режимге орнатылған.

STAMINA индикаторы (сарғылт)

Жанады

Дыбыс әсері STAMINA режиміне орнатылған.

Өшеді Дыбыс әсері STAMINA режимінен басқа режимге орнатылған.

GUITAR индикаторы (ақ)

Жанады

Динамик гитара режимінде.

Өшеді Динамик гитара режимінде емес.

PARTY CONNECT индикаторы (ақ)

Жыпылықтайды Динамик Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыстың орнатылуын күтіп тұр.
Жанады Динамикте Сауық кешінде жалғау функциясы қолданылуда. Сауық кешінде жалғау функциясы үшін жалғанған барлық динамиктердің индикаторлары жанады.
3 рет жыпылықтайды

PARTY CONNECT түймесімен жаңа динамиктерді қосу мүмкін емес.

Жаңа динамикті қосу үшін «Sony | Music Center» қолданбасын пайдаланыңыз.