Суға төзімділік мүмкіндігі туралы ескертулер

Динамиктің суға төзімділік өнімділігі

Мықтап жабылған қақпағы бар динамик «Кіруден қорғау рейтингі (IP коды)*2» IEC60529 стандартының «Су шашыраудан қорғау деңгейі» бөлімінде көрсетілген IPX4 *1 суға төзімділік сипаттамасына сәйкес келеді. Дегенмен динамик мүлде су өткізбейтін құрылғы емес. Динамикті ваннадағы ыстық суға түсіруге немесе әдейі суда қолдануға болмайды.

Суға төзімділік сипаттамаларына сай қолданылатын сұйықтықтар

Жарамды тұщы су, құбыр суы, бассейн суы
Жарамды емес жоғарыда көрсетілгендерден басқа сұйықтықтар (сабынды су, жуғыш құралдары мен жуыну құралдары қосылған су, сусабын, ыстық бұлақ суы, ащы су, т.б.)

*1 Динамикке барлық бағыттан су себілген жағдайда, ол өз өнімділігін сақтайды. Яғни динамикке барлық бағыттан 300500 мм арақашықтықтан жылдамдығы 10 л/мин су себуді қамтитын 10 минуттық сынақтан кейін, динамиктің ішінде су белгілері болмайды.

*2 Осы динамиктің бірге берілген аксессуарлары мен коннекторлары (AC IN/USB/AUDIO IN/MIC/GUITAR) суға төзімді емес. Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін, коннекторлардың кез келгенін қолданып жатқан кезде, динамикке су немесе тамшы тамызбаңыз (AC IN/USB/AUDIO IN/MIC/GUITAR). Динамиктің үстіне вазаны немесе сұйықтық құйылған кез келген басқа ыдысты қоймаңыз.


Динамиктің суға төзімділік өнімділігі осы жерде сипатталған жағдайларда өлшенген параметрлерге негізделген. Клиенттің дұрыс пайдаланбау нәтижесінде суға батырғаннан кейін пайда болған ақаулар кепілдікте қамтылмайды.

Суға төзімділік қасиетін бүлдіріп алмау үшін

Келесіні тексеріп, динамикті дұрыс пайдаланыңыз.

  • Бұл динамиктің су қысымына төзімді дизайны жоқ. Ақаулықтың пайда болуына жол бермеу үшін динамикті суға салуға немесе шүмектен ағып тұрған судың тікелей астына қоюға болмайды.

  • Динамикке тікелей жоғары температурадағы суды құймаңыз немесе шаш кептіргіштің не кез келген басқа құрылғының ыстық ауа соққысын бағыттамаңыз. Сондай-ақ динамикті сауна немесе жылу көзінің жаны сияқты температурасы көтерілетін жерде қолданбаңыз.

  • Қақпақты () дұрыстап ұстаңыз. Қақпақтың маңызы суға төзімділік қасиетін қадағалау кезінде өте жоғары болады. Динамикті пайдалану алдында қақпақтың толық жабылғанына көз жеткізіңіз. Қақпақты жапқан кезде, басқа заттарды ішіне түсіріп алмаңыз. Егер қақпақ толық жабылмаса, суға төзімділік қасиеті зақымдалып, динамиктің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін, соның салдарынан динамикке су кіріп кетуі мүмкін.

    Қақпақтың орнын анықтауға арналған динамик суреті