Динамикті қосу мүмкін емес немесе динамик кенет өшіп қалады

  • Қайта зарядталатын кірістірілген батарея таусылған немесе таусылуға жақын болуы мүмкін. Батареяны зарядтау үшін динамикті бірге берілген АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) АТ розеткасына жалғаңыз.

  • Auto Standby функциясы іске қосылған болуы мүмкін. Шамамен 15 минуттан кейін кейбір жағдайларда, мысалы, аудио кіріс сигналының дыбыс деңгейі төмен болғанда, қуат автоматты түрде өшеді. Пайдалану үшін жалғанған құрылғының дыбыс деңгейін көтеріңіз немесе Auto Standby функциясын өшіріңіз.