Зарядтауға қатысты ескертулер
Кірістірілген литий-ион батареясының қызмет мерзімі
-
Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.
-
Динамик ұзақ уақыт қолданылмаса, кірістірілген батареяны зарядтау үшін көбірек уақыт кетуі мүмкін.
-
Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қызмет мерзімі шектеулі. Уақыт өте және кірістірілген батареяның қолданылу саны артқан сайын, қайта зарядталатын кірістірілген батареяның сыйымдылығы ақырындап азаяды. Толығымен зарядталуына қарамастан, кірістірілген батареяны қолдану уақыты айтарлықтай қысқарған болып көрінсе, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.
-
Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қызмет мерзімі пайдалануға, ортаға және сақтау әдісіне қарай өзгереді.
Абайлаңыз
Кірістірілген батареяны зарядтап жатқанда динамик төмендегі себептерге байланысты мәселені анықтаған кезде, CHG (зарядтау) индикаторы (сарғылт) жылдам жыпылықтайды.
-
Қоршаған орта температурасы 5 °C–35 °C ауқымынан тыс.
-
Кірістірілген батареяға қатысты мәселе бар.
-
Кірістірілген батарея ұзақ уақыт зарядталған кезде.
Кірістірілген батареяға қатысты әдеттен тыс жағдай анықталған кезде, зарядтауды дереу тоқтатып, біраз уақыт күтіңіз, одан кейін кірістірілген батареяны қайта зарядтаңыз. Мәселе шешілмей қоса, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.
Ескерту
-
Зарядтау уақыты кірістірілген батареяны пайдалану шарттарына байланысты болады.
-
Динамикті қоршаған орта температурасы 5 °C–35 °C аралығында болғанда зарядтаңыз.
-
Динамик зарядтаған кезде жылиды. Бұл ақаулық емес.
-
Температураның күрт өзгеруі, тікелей күн түсу, тұман, құм, шаң не механикалық соққы әсеріне ұшыратпаңыз. Сондай-ақ динамикті күн түсетін жерде тұрған автокөлікте ешқашан қалдырмаңыз.
-
Пайдаланылып жатқан динамикті ол USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда зарядтауға болады. Мұндай жағдайда пайдалану шарттарына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтаған кезде динамикті өшіріп қойған жөн.
-
Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін динамиктен micro-USB кабелін ағытып, 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.
-
Жоғары температурада зарядталмауы немесе батарея қуатын сақтау үшін дауыс қаттылығы төмендеуі мүмкін.
-
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, жұмыс өнімділігін сақтау үшін батареяны 6 ай сайын толық зарядтап отырыңыз.
-
Уәкілетті логотипі бар, жеке қуат көзінен қуат алатын USB хабын қолданған кезде ғана, USB хабынан зарядталуға кепілдік беріледі.
-
Компьютер АТ қуат көзіне жалғанып тұрмағанда, динамикті компьютерге ұзақ уақыт жалғап қоймаңыз. Әйтпесе компьютердің батареясының заряды таусылуы мүмкін.

