BLUETOOTH байланысын ажырату (пайдаланғаннан кейін)

BLUETOOTH құрылғысынан музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH байланысын ажырату үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз.

  • BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын өшіріңіз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.

  • Динамикті өшіріңіз.

Тұспал

  • Динамикті қосу функциясын қолданып отырғанда бір динамикті өшірсеңіз, екінші динамик те автоматты түрде өшеді. Олардың арасындағы BLUETOOTH байланысы ажыратылады.

  • Музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH құрылғысына байланысты BLUETOOTH байланысы автоматты түрде ажыратылуы мүмкін.