BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасын (кодек) таңдау
«Дыбыс сапасына басымдық беру» және «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режимдерін BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасының опциялары ретінде таңдауға болады. «Дыбыс сапасына басымдық беру» режимі SBC және AAC кодектерінің ойнату параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді, соның арқасында BLUETOOTH байланысы арқылы жоғары сапалы дыбысты естисіз, ал «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режимі тұрақтырақBLUETOOTH арқылы аудио ағынын тарату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «Дыбыс сапасына басымдық беру» — әдепкі параметр.
Қолдау көрсетілетін кодектер
-
Дыбыс сапасына басымдық беру (әдепкі параметр): AAC және SBC арасында оңтайлы кодек автоматты түрде таңдалады.
-
Тұрақты байланысқа басымдық беру: SBC таңдалған.
-
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ көзіне жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз.
-
Динамикті қосыңыз.
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен баяу* жыпылықтайды.* Бұдан бұрын жалғанған BLUETOOTH құрылғысы жақын жерде болса, динамик құрылғыға автоматты түрде жалғанып, одан кейін қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жануы мүмкін. -
+ (дыбыс деңгейі) түймесін және
(қуат)/
PAIRING түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.-
Параметр «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режиміне өзгертілген кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы 3 рет көгілдір түспен жыпылықтап, одан кейін индикатор өшеді, содан кейін динамик өшеді. -
Параметр «Дыбыс сапасына басымдық беру» режиміне өзгертілген кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы екі рет жыпылықтап, одан кейін индикатор өшеді, содан кейін динамик өшеді.
-
Ескерту
-
BLUETOOTH құрылғысының параметріне және қоршаған орта шарттарына байланысты «Дыбыс сапасына басымдық беру» режимінде шу немесе дыбыстық кедергі пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда динамикті «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режиміне ауыстырыңыз.
-
Динамикті қосу функциясы немесе хендс-фри функциясы қолданылып жатқанда, ойнату сапасын өзгерту мүмкін болмайды.

