Қоңырау қабылдау

HFP (Hands-free Profile) немесе HSP (Headset Profile) BLUETOOTH профилін қолдайтын BLUETOOTH мобильді телефонында BLUETOOTH байланысы арқылы хендс-фри режимінде қоңырау шалуға не қабылдауға болады.

  • BLUETOOTH мобильді телефоны HFP профилін де, HSP профилін де қолдаса, оны HFP профиліне орнатыңыз.

  • BLUETOOTH мобильді телефонына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

Қоңырау үндері туралы мәлімет

Кіріс қоңырау түскен кезде, ойнату кідіртіліп, динамиктен қоңырау үні естіледі.

BLUETOOTH мобильді телефонына қарай қоңырау үні төмендегідей әр түрлі болады.

  • Динамикте орнатылған қоңырау үні

  • BLUETOOTH мобильді телефонында орнатылған қоңырау үні

  • BLUETOOTH мобильді телефонында BLUETOOTH байланысы үшін ғана орнатылған қоңырау үні

  1. Динамикті BLUETOOTH мобильді телефонына жалғаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанады.

    Динамикті қосу функциясын қолданған кезде

    Қуат/(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып тұрған динамикке жалғаңыз. Хендс-фри қоңырауы барысында төмендегі қадамдар мен әрекеттерде BLUETOOTH мобильді телефонына жалғанып тұрған динамикті қолданыңыз.

  2. Қоңырау қабылданған кезде, (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз.

    Динамиктің микрофонына сөйлеңіз.

    Кіріс қоңырау түскен кезде, ойнату кідіртіліп, динамиктен қоңырау үні естіледі.

    Динамиктен ешқандай қоңырау үні естілмесе, динамик HFP немесе HSP профилін қолдайтын BLUETOOTH мобильді телефонына жалғанбаған болуы мүмкін. BLUETOOTH мобильді телефонындағы байланыс күйін тексеріңіз.

  3. Динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басу арқылы немесе BLUETOOTH мобильді телефонымен дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Динамикте –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе BLUETOOTH мобильді телефонында дыбыс деңгейін реттеген кезде, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы бір рет жыпылықтайды.

    Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

  4. Қоңырауды аяқтау үшін (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз.

    Қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, қоңырау аяқталған кезде, ойнату жалғасады. Қоңырауды BLUETOOTH мобильді телефонынан аяқтасаңыз, қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, бұл жағдайда да ойнату жалғасады.

Тұспал

  • Кейбір BLUETOOTH мобильді телефондарында қоңырауды қабылдаған кезде телефонға басымдық беріледі. HFP немесе HSP байланысы қолданылған жағдайда BLUETOOTH мобильді телефонымен қоңырау құрылғысын динамикке ауыстырыңыз.

  • Қоңырау шалушы дауысыңызды естімесе немесе әзер естісе, ауызыңызды динамиктің микрофонына жақындатып сөйлеңіз.

  • Музыка ойнатудың және қоңыраудың дыбыс деңгейі динамикте бөлек орнатылады.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясын қолданған кезде, телефон қоңырауының дыбысы қуат/(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып тұрған динамиктен ғана шығады.

  • BLUETOOTH мобильді телефонына байланысты кіріс қоңырау түскен кезде ойнату кідіртілмеуі мүмкін.

  • BLUETOOTH мобильді телефонын динамиктен кемінде 50 см қашықтықта қолданыңыз. Динамик пен BLUETOOTH мобильді телефоны бір-біріне тым жақын болса, шу пайда болуы мүмкін.

  • Динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанған болса, BLUETOOTH құрылғысынан жіберілетін музыканы тыңдау мүмкін болмайды. Дегенмен BLUETOOTH байланысы белсенді болғанда, хендс-фри функциясы қолжетімді болады.

  • Смартфон моделіне, операциялық жүйеге немесе орнатылған қолданбаларға қарай хендс-фри режимінде қоңырау шалу не қабылдау жүйесінің кейбір функциялары дұрыс қолданылмауы мүмкін.