Дыбыс жоқ/дыбыс бұрмаланады/динамиктен быжылдаған дыбыс не шу естіледі/қоңырау шалушылардың дауысы естілмейді
- Динамик те, жалғанған құрылғы да қосылып тұрғанын тексеріңіз.
- Динамиктің және жалғанған құрылғының дыбыс деңгейін көтеріңіз.
- Жалғанған құрылғыдан дыбыс ойнатылып тұрғанын тексеріңіз.
- BLUETOOTH режимінде ойнатқан кезде AUDIO IN ұясынан аудио кабель ағытылғанына көз жеткізіңіз.
- AUDIO IN режимінде ойнатқан кезде AUDIO IN ұясына аудио кабель мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
- Динамик компьютерге BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған болса, компьютердің аудио шығыс параметрі BLUETOOTH құрылғысына орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Динамик BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатқанын тексеріңіз.
- Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын қайтадан жұптастырыңыз.
- Жалғанған құрылғының эквалайзер функциясы болса, оны өшіріңіз.
- Динамикті микротолқынды пештен, Wi-Fi® құрылғыларынан, т.б. аулақ ұстаңыз.
- Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын бір-біріне жақындатыңыз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысының арасындағы кез келген кедергілерді алып тастаңыз.
- Динамик кірістірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғыға BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрған кезде, таратылымдарда шу болуы мүмкін.
- Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден, т.б. алысырақ орналастырыңыз, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.
- Динамикті қосу функциясын қолданған кезде, BLUETOOTH тінтуірі не BLUETOOTH пернетақтасы сияқты кез келген басқа BLUETOOTH құрылғысы (-лары) BLUETOOTH құрылғысына жалғанса, олардың арасындағы байланысты ажыратыңыз.
- Музыка тыңдап отырған кезде, BLUETOOTH құрылғысында A2DP BLUETOOTH байланысын таңдаңыз.
- Қоңырау қабылдаған/шалған кезде, BLUETOOTH құрылғысында HFP немесе HSP BLUETOOTH байланысын таңдаңыз.
- Қоңырау қабылдаған/шалған кезде, BLUETOOTH құрылғысының шығысы динамикке орнатылғанын тексеріңіз.

