BLUETOOTH байланысы арқылы компьютерге жалғау (Windows)
Жұптастыру дегеніміз — сымсыз жалғанатын BLUETOOTH құрылғыларында ақпаратты екі жақты тіркеу үшін қажетті процесс.
Алғаш рет BLUETOOTH байланысын орнату үшін құрылғыны динамикке жұптастыру қажет. Басқа құрылғыларды жұптастыру үшін дәл осындай процедураларды орындаңыз.
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Windows 10, Windows 8.1, Windows 7 SP1
Іске кіріспес бұрын, мына әрекеттерді орындаңыз.
-
Компьютерді динамиктен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.
-
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ көзіне жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз. Немесе кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
Мәлімет алу үшін компьютердің пайдалану нұсқауларын дайын ұстаңыз.
-
Компьютерде ойнатуды тоқтатыңыз.
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін компьютердің және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
-
Компьютерде динамикті іздеуге дайындалыңыз.
Windows 10 жүйесінде
Экранның төменгі оң жақ бөлігіндегі тапсырмалар тақтасында [
(Action Center)] – [Connect] пәрмендерін таңдаңыз.
Windows 8.1 жүйесінде
[Start] түймесін оң жақ түймемен басып, одан кейін [Control Panel] тармағын басыңыз.
[All Control Panel Items] көрсетілген кезде, [Devices and Printers] тармағын таңдаңыз.
[All Control Panel Items] орнына [Control Panel] экраны көрінсе, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы [View by] мәзірінен [Large icons] не [Small icons] пәрменін таңдаңыз.
Windows 7 жүйесінде
[Start] түймесін, одан кейін [Devices and Printers] тармағын басыңыз.
-
Динамикті қосыңыз.
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.
-
Сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқан кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды да,
(қуат)/
PAIRING түймесін басқан кезде, динамик жұптастыру режиміне автоматты түрде кіреді.
-қадамға өтіңіз. -
Динамикті қосқан кезде, ол соңғы рет жалғанған BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатуға тырысады. Құрылғы жақын жерде болса және оның BLUETOOTH функциясы қосылып тұрса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылып, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрады. Мұндай жағдайда жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының BLUETOOTH функциясын немесе қуатын өшіріңіз.
-
-
(қуат)/
PAIRING түймесін сигналдар естіліп, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз.Динамик жұптастыру режиміне кіреді.
-
Компьютерде динамикті іздеңіз.
Динамикті компьютерге BLUETOOTH байланысы арқылы жалғау
Windows 10/Windows 8.1 жүйесінде
-
Экранның төменгі оң жақ бөлігіндегі Action Center тақтасында [Connect] пәрменін таңдаңыз.
-
[SRS-XB12] құрылғысын таңдаңыз.
Экранда [SRS-XB12] құрылғысы көрінбесе, процедураны
-қадамнан бастап қайталаңыз.Жұптастырғаннан кейін, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылып, экранда [Connected music] жазуы көрсетіледі.
-қадамға өтіңіз.
Windows 7 жүйесінде
-
[Add a device] пәрменін басыңыз.
-
[SRS-XB12] құрылғысын таңдап, [Next] пәрменін басыңыз.
Құпия кілт* сұралса, «0000» кодын енгізіңіз.
[SRS-XB12] құрылғысы көрінбесе, әрекеттерді
-қадамнан бастап қайталаңыз.* Құпия кілт «құпия код», «PIN коды», «PIN нөмірі» немесе «құпия сөз» деп аталуы мүмкін.
-
Мына экран көрінген кезде, [Close] пәрменін басыңыз.
Компьютер драйверді орната бастайды.
Орнату кезінде [SRS-XB12] белгішесінің төменгі сол жағында «
» белгісі көрінеді. «
» белгісі жоғалған кезде, драйвер орнату аяқталады.
-қадамға өтіңіз.
Компьютерге байланысты орнатуға біраз уақыт кетуі мүмкін. Драйвер орнатуға тым көп уақыт кетіп жатса, динамиктің қуатты автоматты түрде өшіру функциясы оны автоматты түрде өшіреді. Мұндай жағдай орын алса, динамикті қайта қосыңыз.
-
-
Динамикті компьютерде тіркеу.
Windows 10 жүйесінде
Жұптастырғаннан кейін, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылып, экранда [Connected music] жазуы көрсетіледі.
-қадамға өтіңіз.Windows 8.1 жүйесінде
-
[Devices] ішінде [SRS-XB12] құрылғысын оң жақ түймемен басып, пайда болған мәзірде [Sound settings] тармағын таңдаңыз.
-
[Sound] экранында [SRS-XB12 Stereo] құрылғысын растаңыз.
-
[SRS-XB12 Stereo] құрылғысында құсбелгі (жасыл) болса,
-қадамға өтіңіз.
-
[SRS-XB12 Stereo] құрылғысында құсбелгі (жасыл) болмаса, келесі қадамға (3-ші қосалқы қадамға) өтіңіз.
-
[SRS-XB12 Stereo] құрылғысы көрінбесе, [Sound] экранын оң жақ түймемен басып, пайда болған мәзірде [Show Disabled Devices] тармағын таңдаңыз. Одан кейін келесі қадамға (3-ші қосалқы қадамға) өтіңіз.
-
-
[SRS-XB12 Stereo] құрылғысын оң жақ түймемен басып, пайда болған мәзірде [Connect] тармағын таңдаңыз.
Динамик жалғанған кезде, [Sound] экранындағы [SRS-XB12 Stereo] құрылғысында құсбелгі пайда болады.
-қадамға өтіңіз.
[SRS-XB12 Stereo] құрылғысының [Connect] пәрменін басу мүмкін болмаса, құсбелгісі (жасыл) бар [Default Device] құрылғысының [Disable] пәрменін таңдаңыз.
Windows 7 жүйесінде
-
[Devices] ішіндегі [SRS-XB12] құрылғысын екі рет басыңыз.
-
[Listen to Music] пәрменін басыңыз.
Динамик жалғанған кезде, құсбелгі пайда болады.
-
-
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтау күйінен тұрақты жанып тұру күйіне ауысқанын тексеріңіз.Динамик компьютерге жалғанған кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрады. Компьютерден музыка ойнатуға, т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Тұспал
-
Жоғарыда сипатталған процедура тек анықтамалық ақпарат ретінде берілген. Толық мәлімет алу үшін компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
-
Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін босатылады да, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы баяу жыпылықтайды. Дегенмен жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған кезде, мысалы зауыттық параметрлер орнатылғанда, жұптастыру режимі босатылмайды. Жұптастыру режимі процесс аяқталмай тұрып босатылса,
-қадамнан қайта бастаңыз. -
BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, оларды мына жағдайлардан басқа жағдайларда қайтадан жұптастыру қажет емес:
-
Жөндеуден, т.б. жұмыстардан кейін жұптастыру ақпараты жойылған.
-
Динамик 8 құрылғымен жұптастырылып, тағы бір құрылғымен жұптастыруға әрекет жасалуда.
Динамикті ең көбі 8 құрылғымен жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін, жаңа құрылғы жұптастырылса, осы жаңа құрылғы ең алғаш болып жұптастырылған құрылғыны алмастырады.
-
Динамиктің жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
-
Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылған.
Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, ол iPhone/iPod touch құрылғысына немесе компьютерге жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch құрылғысындағы немесе компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайтадан орындаңыз.
-
-
Динамикті бірнеше құрылғымен жұптастыруға болады, бірақ музыка бір уақытта бір жұптастырылған құрылғыдан ғана ойнатылады.
-
Динамиктің құпия кілті: «0000». BLUETOOTH құрылғысында «0000» кодынан басқа құпия кілт орнатылған болса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанса, BLUETOOTH құрылғысынан шығатын дыбыс динамиктен шығарылмайды (хендс-фри функциясы қолжетімді болады). BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдау үшін динамиктің AUDIO IN ұясынан аудио кабельді ағытыңыз.

