Қуатты автоматты түрде өшіру функциясы

Динамик қолданылып жатпаса және шамамен 15 минут төмендегі күйлерде тұрса, ол автоматты түрде өшеді.

Сатып алған кезде, қуатты автоматты түрде өшіру функциясы қосылып тұрады.

  • Жалғанған мобильді телефонның (смартфонның) хендс-фри функциясы өшіп тұруы және мобильді телефонның (смартфонның) музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы. Толық мәлімет алу үшін мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • WALKMAN® сияқты жалғанған BLUETOOTH құрылғысының музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы.

Ескерту

  • Динамик iPhone/iPod touch құрылғысына BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, қуатты автоматты түрде өшіру функциясы өшіріледі.

  • Динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанып тұрса, қуатты автоматты түрде өшіру функциясы ажыратылады.

Қуатты автоматты түрде өшіру функциясын қосу/өшіру

  1. Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ көзіне жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз.

    Динамикті кірістірілген батареямен қолданып отырғанда, қуатты автоматты түрде өшіру функциясын қосу/өшіру мүмкін емес.

  2. Динамикті қосыңыз.
  3. - (дыбыс деңгейі) түймесін және + (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта шамамен 5 секунд басып тұрыңыз.
    • Қуатты автоматты түрде өшіру функциясы өшіп тұрғанда, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы 3 рет көгілдір түспен жыпылықтап, одан кейін индикатор өшеді, содан кейін динамик өшеді.

    • Қуатты автоматты түрде өшіру функциясы өшіп тұрғанда, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы 2 рет көгілдір түспен жыпылықтап, одан кейін индикатор өшеді, содан кейін динамик өшеді.

Тұспал

  • Сатып алған кезде, қуатты автоматты түрде өшіру функциясы қосылып тұрады.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясы немесе хендс-фри функциясы қолданылып жатқанда, қуатты автоматты түрде өшіру функциясын қосу/өшіру мүмкін болмайды.