Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау
BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH профильдерін қолдаса, BLUETOOTH байланысы арқылы динамикпен сол құрылғыдағы музыканы тыңдауға және оны басқаруға болады.
A2DP (Advanced Audio Distribution Profile)
Жоғары сапалы аудио мазмұнды сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.
AVRCP (Audio Video Remote Control Profile)
Дыбыс деңгейін реттеуге және ойнату, кідірту немесе келесі/ағымдағы әннің басына өту үшін басқаруға мүмкіндік береді.
BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын да қараңыз.
Ескерту
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысымен мен динамиктің дыбыс деңгейлері орташа деңгейге орнатылғанына алдын ала көз жеткізіңіз.
BLUETOOTH құрылғысына қарай құрылғыда ойнату тоқтатылып/кідіртіліп тұрғанда, BLUETOOTH құрылғысынан динамиктің дыбыс деңгейін реттей алмауыңыз мүмкін.
-
Динамикті BLUETOOTH құрылғысына жалғаңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанады.
-
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
-
Динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басу арқылы немесе BLUETOOTH құрылғысымен дыбыс деңгейін реттеңіз.
Динамикте –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеген кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.
Ойнату кезінде динамиктегі түймелерді мына әрекеттерді орындау үшін қолдануға болады.
Кідірту
Кідірту үшін ойнату кезінде
(ойнату)/
(қоңырау) түймесін басыңыз. Кідіртуді доғару үшін оны қайта басыңыз.Келесі әннің басына өту
Ойнату кезінде
(ойнату)/
(қоңырау) түймесін екі рет жылдам басыңыз.Ағымдағы әннің басына өту
Ойнату кезінде
(ойнату)/
(қоңырау) түймесін 3 рет жылдам басыңыз.
Тұспал
-
Динамик USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда, тіпті динамик пайдаланылып жатса да, кірістірілген батареяны зарядтауға болады.
-
Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.
Ескерту
-
Байланыс шарттары нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге сәйкес әрекет етпеуі мүмкін.
-
BLUETOOTH байланысы арқылы музыка тыңдап отырғанда динамиктің AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғыны, т.б. жалғаған кезде, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысады. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысының музыкасы шығарылмайды (BLUETOOTH байланысы белсенді болса, хендс-фри функциясы қолжетімді болады). BLUETOOTH құрылғысынан қайтадан музыка тыңдау үшін динамиктің AUDIO IN ұясынан аудио кабельді ағытыңыз.
-
Температурасы жоғары жерде қолданған кезде, кірістірілген батареяны қорғау үшін дыбыс деңгейі төмендеуі мүмкін.
-
Кірістірілген батарея заряды аз болса, динамиктің ең жоғары шығыс қуаты азаяды.
-
BLUETOOTH құрылғысына қарай жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін реттеу немесе аудио шығыс параметрін орнату қажет болуы мүмкін.
-
Динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысына, байланыс ортасына немесе пайдалану ортасына қарай шу пайда болуы немесе дыбыс үзілуі мүмкін.

