Қос режим мен стерео режим арасында ауысу (Динамикті қосу функциясы)
2 динамикті қолданған кезде, монофондық режимде ойнату (қос режим) және стерео режимде ойнату (стерео режим) арасында ауысуға болады.
-
Дыбыс шығару режимін ауыстыру үшін динамиктердің біріндегі ADD түймесін басыңыз.
ADD түймесі басылған сайын режим ауысады.
Екі динамиктегі L (сол жақ)/R (оң жақ) индикаторлары аудио шығару режимінің күйін көрсетеді.
Қос режим:Екі динамиктегі L (сол жақ)/R (оң жақ) индикаторлары ақ түспен жанады.
Стерео режим (R арнасы/L арнасы):Бір динамиктегі R (оң жақ) индикаторы және екінші динамиктегі L (сол жақ) индикаторы ақ түспен жанады.
Стерео режим (L арнасы/R арнасы):Бір динамикте R (оң жақ) индикаторы өшеді, ал L (сол жақ) индикаторы ақ түспен жанады. Екінші динамикте L (сол жақ) индикаторы сөніп, R (оң жақ) индикаторы ақ түспен жанады.

