RESET түймесін қолдану
Қосылғанына қарамастан динамикті басқару мүмкін болмаса, артқы жақтағы қақпақты ашып, RESET түймесін түйреуішпен немесе басқа үшкір затпен басыңыз. Динамик бастапқы қалпына келіп, автоматты түрде өшіп-қосылады.
Қалпына келтіргеннен кейін динамикті қолдана алмасаңыз, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.
Ескерту
- Қуат өшіп тұрғанда, динамикті бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес.
- RESET түймесі басылған кезде, жұптастыру ақпараты өшпейді. Бұл процедура динамиктің бастапқы параметрлерін орнатуға ұқсамайды.
- Динамикті бастапқы қалпына келтіргеннен кейін, дыбыс деңгейі және функция параметрлері өзгеше болуы мүмкін.
- Динамикті қалпына келтіргеннен кейін,
белгісін жоғары қаратып, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.

