Тасымалы аудио құрылғыдағы, т.б. музыканы тыңдау

Тасымалы аудио құрылғыны, т.б. аудио кабельмен (сатып алуға болады) динамикке жалғау арқылы динамикті қолдануға болады.

  1. Құрылғыны AUDIO IN ұясына аудио кабельмен (сатып алуға болады) жалғаңыз.

    Жалғау үшін екі ұшында да стерео шағын ағытпалары (кедергісіз)*1 бар аудио кабельді қолданыңыз.

    *1 Кедергісі айтарлықтай аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдансаңыз, дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін. Сондықтан кедергісіз аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдану керек.

  2. Динамикті қосыңыз.

    Қуат/(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен баяу*2 жыпылықтайды.

    *2 Бұдан бұрын жалғанған BLUETOOTH құрылғысы жақын жерде болса, динамик құрылғыға автоматты түрде жалғанып, одан кейін қуат/(BLUETOOTH) индикаторы жануы мүмкін.

  3. Қосып, жалғанған құрылғыда ойнатуды бастаңыз.
  4. Жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.
  5. Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    –/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған кезде, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы бір рет жыпылықтайды. Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, қуат/(BLUETOOTH) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

Тұспал

  • Дыбыс естілмеген жағдайда жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін көтеріңіз.

  • Динамик пен мобильді телефон (смартфон/iPhone) арасында HFP/HSP арқылы орнатылған BLUETOOTH байланысы белсенді болса, динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанған тасымалы аудио құрылғыдағы музыканы тыңдап отырып, хендс-фри функциясын қолдануға болады.

Ескерту

  • AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғасаңыз, AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғының шығыс сигналы басым болып, BLUETOOTH құрылғысынан жіберілген дыбысты естімейсіз. Қуат/(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып не жыпылықтап, BLUETOOTH күйін білдіреді.

  • AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғап, музыка ойнатқан кезде, кідірту, келесі әннің басына өту және ағымдағы әннің басына өту сияқты әрекеттерді орындау үшін динамиктегі түймелерді қолдану мүмкін болмайды.

  • Су шашырайтын жерде AUDIO IN ұясын қолданбаңыз.

  • Динамиктен аудио кабельді ажыратқаннан кейін, белгісін жоғары қаратып, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.