Динамикті зарядтау мүмкін емес
-
USB АТ адаптерін (сатып алуға болады) қолданған кезде, micro-USB кабелі динамикке және USB АТ адаптеріне мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Оған қоса USB АТ адаптері АТ розеткасына мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
-
Динамик шығыс тогы 500 мА не одан көп USB АТ адаптерін (сатып алуға болады) қолдайды. Дегенмен USB стандартына сәйкес келетін бірге берілген micro-USB кабелін немесе micro-USB кабелін қолданған жөн. Басқа құрылғыдан зарядталатынына кепілдік берілмейді.
-
Кірістірілген батареяны қосылған компьютерге micro-USB кабелімен жалғау арқылы да зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлермен жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. Сондай-ақ үйде құрастырылған компьютерлерге жалғау әрекеттері кепілдікпен қамтылмайды.

