Пайдаланып отырған кезде дыбыс деңгейі төмендеп кетеді
- Дыбыс деңгейі мына жағдайларда төмендеуі мүмкін. Бұл ақаулық емес.
- Динамик қуатын тек кірістірілген батареядан алып отырғанда, кірістірілген батареяның заряды азайғанда және CHG (зарядтау) индикаторы баяу жыпылықтап тұрғанда.
- Динамик тіпті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда, динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау салдарынан кірістірілген батареяның заряды азайғанда.
- Пайдаланып отырған кезде дыбыс деңгейі төмендеп кетсе, төмендегі процедураны орындаңыз.
- Динамикті өшіріңіз.
- Кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

