BLUETOOTH® құрылғыларымен жұптастыру және оларға жалғау
Екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысын жұптастыру үшін әр құрылғы үшін мына жұптастыру процедурасын орындаңыз.
Динамикті пайдаланудан бұрын, мына әрекеттерді орындауды ұмытпаңыз:
-
BLUETOOTH құрылғысын динамиктен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.
-
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ көзіне жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз. Немесе кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатыңыз.
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысының және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз. BLUETOOTH құрылғысына байланысты оның дыбыс деңгейін динамикпен синхрондауға болады.
-
Мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысының пайдалану нұсқауларын дайын ұстаңыз.
-
Динамикті қосыңыз.
-
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторының күйін тексеріңіз.Индикатор жылдам жыпылықтап тұрғанда
Динамик жұптастыру режимінде.
-қадамға өтіңіз.Индикатор баяу жыпылықтап тұрғанда
Динамик BLUETOOTH құрылғысын іздеп жатыр.
-
Бұдан бұрын тіркемеген (жұптастырмаған) BLUETOOTH құрылғысын жұптастыру үшін
-қадамға өтіңіз. -
Бұдан бұрын тіркелген (жұптастырылған) BLUETOOTH құрылғысын қайта жалғау үшін
-қадамға өтіңіз. Смартфонда/iPhone құрылғысындаBLUETOOTH функциясы қосылса, динамик автоматты түрде жалғанады. BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктің қуаты қосылғанда, ол қайта жалғануы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Индикатор жанып тұрғанда
Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанды.
Басқа BLUETOOTH құрылғыларына жалғану үшін төмендегі процедуралардың бірін орындаңыз.
-
Бұдан бұрын тіркемеген (жұптастырмаған) BLUETOOTH құрылғысын жұптастыру үшін
-қадамға өтіңіз. -
Бұдан бұрын тіркелген (жұптастырылған) BLUETOOTH құрылғысын қайта жалғау үшін
-қадамға өтіңіз. Смартфонда/iPhone құрылғысындаBLUETOOTH функциясы қосылса, динамик автоматты түрде жалғанады.
-
-
(қуат)/
PAIRING түймесін сигналдар естіліп, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз.Динамик жұптастыру режиміне кіреді.
-
Динамикті анықтау үшін BLUETOOTH құрылғысында жұптастыру процедурасын орындаңыз.
BLUETOOTH құрылғысының дисплейінде анықталған құрылғылардың тізімі көрінген кезде, «SRS-XB12» құрылғысын таңдаңыз.
BLUETOOTH құрылғысының дисплейінде құпия кілт* сұралса, «0000» кодын енгізіңіз.
* Құпия кілт «құпия код,» «PIN коды,» «PIN нөмірі» немесе «құпия сөз» деп аталуы мүмкін.
-
BLUETOOTH құрылғысынан BLUETOOTH байланысын орнатыңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұрады.
BLUETOOTH байланысы орнатылмаса,
-қадамнан қайта бастаңыз.
Тұспал
-
Динамикке BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясы іске қосылғаннан кейін, BLUETOOTH құрылғысын динамикке жай ғана
(қуат)/
PAIRING түймесін басу арқылы жалғауға болады. -
BLUETOOTH құрылғысын пайдалану туралы мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысының пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
-
Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін босатылады да, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы баяу жыпылықтайды. Дегенмен жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған кезде, мысалы зауыттық параметрлер орнатылғанда, жұптастыру режимі босатылмайды. Жұптастыру режимі процесс аяқталмай тұрып босатылса,
-қадамнан қайта бастаңыз. -
Динамиктің құпия кілті: «0000». BLUETOOTH құрылғысында «0000» кодынан басқа құпия кілт орнатылған болса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.
-
BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, оларды мына жағдайлардан басқа жағдайларда қайтадан жұптастыру қажет емес:
-
Жөндеуден, т.б. жұмыстардан кейін жұптастыру ақпараты жойылған.
-
Динамик 8 құрылғымен жұптастырылып, тағы бір құрылғымен жұптастыруға әрекет жасалуда.
Динамикті ең көбі 8 құрылғымен жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін, жаңа құрылғы жұптастырылса, осы жаңа құрылғы ең алғаш болып жұптастырылған құрылғыны алмастырады.
-
Динамиктің жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
-
Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылған.
Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, ол iPhone/iPod touch құрылғысына немесе компьютерге жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch құрылғысындағы немесе компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайтадан орындаңыз.
-
-
Динамикті бірнеше құрылғымен жұптастыруға болады, бірақ музыка бір уақытта бір жұптастырылған құрылғыдан ғана ойнатылады.
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанса, BLUETOOTH құрылғысынан шығатын дыбыс динамиктен шығарылмайды (хендс-фри функциясы қолжетімді болады). BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдау үшін динамиктің AUDIO IN ұясынан аудио кабельді ағытыңыз.

