Сақтық шаралары
Қауіпсіздік туралы
-
Динамикпен бірге берілген Анықтама нұсқаулығын қараңыз.
-
Модель атауы сияқты маңызды ақпарат құрылғының түбінің сыртқы жағында орналасқан.
Орнатуға қатысты
-
Құрылғыны еңкейтіп қоймаңыз.
-
Құрылғыны күн түсетін жер, жылу көзінің жаны немесе жарықтандыру жабдығының асты сияқты температурасы көтерілетін жерде қалдыруға болмайды.
-
Құрылғыны көлікте қолдануға немесе қалдыруға болмайды.
-
Магнит өрісі әсер ететін заттарды (төлем карталары, магниттік кодтауы бар несиелік карталар, т.б.) құрылғының қасында қалдырмаңыз.
Тазалауға қатысты
-
Корпусты тазалау үшін алкоголь, бензин немесе сұйылтқыштар сияқты жуғыш заттарды не еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Пайдалануға қатысты мәлімет
-
Құрылғының коннекторларына (USB/AUDIO IN) не желдету тесігіне ұсақ заттар, т.б. салмаңыз. Динамик қысқа тұйықталуы немесе істен шығуы мүмкін.
Басқа
-
Динамикті қосу функциясын қолдану үшін 2 динамик қажет. Динамикті қосу функциясын қолданған кезде, тек SBC кодегіне қолдау көрсетіледі.
-
Динамикке қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз не мәселелеріңіз болса және олардың жауаптарын осы Көмекші нұсқаулықтан таппасаңыз, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.

