Музыканы 2 динамикпен сымсыз тыңдау (Динамикті қосу функциясы)
2 SRS-XB12 динамигін BLUETOOTH байланысы арқылы жалғаған кезде, стерео режим (стерео дыбыс) және қос режим (монофондық дыбыс) арасындағы дыбыс шығару режимін таңдауға болады. Бұл функцияны қолдану үшін 2 SRS-XB12 динамигі қажет.
Төмендегі 2 ойнату әдісінің бірін таңдаңыз.
Қос режим
Екі динамик бір дыбысты ойнатады. Қос режим — бастапқы параметр.
Стерео режим
Динамиктер арасында стерео режимде ойнату үшін бір динамик дыбысты оң арнада (оң жақта), ал екінші динамик дыбысты сол арнада (сол жақта) ойнатады.
-
2 динамикті бір-бірінен 1 м қашықтық ішінде орналастырып, одан кейін екі динамикті де қосыңыз.
Динамиктердің біріндегі
(қуат)/
PAIRING түймесін басып, оны қосыңыз.Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтай бастайды.Бұдан бұрын жалғанған BLUETOOTH құрылғысы жақын жерде болса, динамик құрылғыға автоматты түрде жалғанып, одан кейін қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жануы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
-
Екі динамиктегі ADD түймелерін сигнал естілгенше басып тұрыңыз.
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы және L (сол жақ)/R (оң жақ) индикаторы жыпылықтайды.
Динамикті қосу функциясы арқылы байланыс орнатылған кезде, екі динамиктің де L (сол жақ)/R (оң жақ) индикаторы жанып тұрады және динамиктердің біреуінде
(BLUETOOTH) индикаторы өшеді.
Тұспал
-
Екінші динамикті 1 минут ішінде реттеңіз. 1 минут ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің реттелуі тоқтатылады.
-
-
BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатыңыз.
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтап тұрған динамикті және BLUETOOTH құрылғысын жұптастырыңыз. Жұптастыру процедурасы туралы мәлімет алу үшін BLUETOOTH® құрылғыларымен жұптастыру және оларға жалғау тарауын қараңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін орташа мәнге реттеңіз.
-
Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.
Бір динамиктің дыбыс деңгейі өзгерілгенде екінші динамиктің дыбыс деңгейі сәйкесінше өзгереді.
Тұспал
-
Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жанатын динамикті ғана қолданыңыз. -
BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты кез келген басқа BLUETOOTH құрылғысы (-лары) динамикке жалғанып жатқан BLUETOOTH құрылғысына жалғанса, динамиктен бұрмаланған дыбыс не шу шығарылуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысының (-ларының) арасындағы BLUETOOTH байланысын ажыратыңыз.
Ескерту
-
Динамикті қосу функциясын қолданып отырып, 2 динамиктің бірін қалпына келтірсеңіз немесе бірінің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, екінші динамикті өшіріп қоюды ұмытпаңыз. Динамикті қосу функциясын қайта қосудан бұрын екінші динамикті өшірмесеңіз, BLUETOOTH байланысын орнатуға және дыбыс шығаруға қатысты мәселелер туындауы мүмкін.
-
Динамиктің AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы, т.б. жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, Динамикті қосу функциясы өшіріледі.
-
Динамикті қосу функциясымен фильм қараған кезде, бейне мен аудио арасында кешігу болуы мүмкін.

