BLUETOOTH байланысы арқылы компьютерге жалғау (Mac)
Жұптастыру дегеніміз — сымсыз жалғанатын BLUETOOTH құрылғыларында ақпаратты екі жақты тіркеу үшін қажетті процесс.
Алғаш рет BLUETOOTH байланысын орнату үшін құрылғыны динамикке жұптастыру қажет. Басқа құрылғыларды жұптастыру үшін дәл осындай процедураларды орындаңыз.
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
macOS High Sierra (10.13 нұсқасы)
Іске кіріспес бұрын, мына әрекеттерді орындаңыз.
-
Компьютерде BLUETOOTH сымсыз технологиясы бар екеніне көз жеткізіңіз.
-
Компьютерді динамиктен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.
-
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ көзіне жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз. Немесе кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
Мәлімет алу үшін компьютердің пайдалану нұсқауларын дайын ұстаңыз.
-
Компьютерде ойнатуды тоқтатыңыз.
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін компьютердің және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
-
Компьютерге байланысты кірістірілген BLUETOOTH адаптерін қосыңыз.
BLUETOOTH адаптерін қосу жолын немесе компьютерде кірістірілген BLUETOOTH адаптерінің бар-жоғын білмесеңіз, компьютердің пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
Компьютердің динамигін қосылған күйге орнатыңыз.
Компьютердің динамигі
(дыбыссыз) режимге орнатылған болса, BLUETOOTH динамигінен дыбыс шықпайды.-
Компьютердің динамигі қосылған күйге орнатылған кезде:
-
-
Динамикті қосыңыз.
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.
-
Сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқан кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды да,
(қуат)/
PAIRING түймесін басқан кезде, динамик жұптастыру режиміне автоматты түрде кіреді.
-қадамға өтіңіз. -
Динамикті қосқан кезде, ол соңғы рет жалғанған BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатуға тырысады. Құрылғы жақын жерде болса және оның BLUETOOTH функциясы қосылып тұрса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылып, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрады. Мұндай жағдайда жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының BLUETOOTH функциясын немесе қуатын өшіріңіз.
-
-
(қуат)/
PAIRING түймесін сигналдар естіліп, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз.Динамик жұптастыру режиміне кіреді.
-
Компьютерде динамикті іздеңіз.
-
Экранның төменгі оң жақ бөлігіндегі тапсырмалар тақтасында [
(System Preferences)] - [Bluetooth] пәрмендерін таңдаңыз.
-
Bluetooth экранынан [SRS-XB12] құрылғысын таңдап, одан кейін [Pair] пәрменін басыңыз.
-
-
Қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтау күйінен тұрақты жанып тұру күйіне ауысқанын тексеріңіз.Динамик компьютерге жалғанған кезде, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрады.
-
Экранның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі динамик белгішесін басып, [Output Device] мәзірінен [SRS-XB12] құрылғысын таңдаңыз.
Компьютерден музыка ойнатуға, т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Тұспал
-
Жоғарыда сипатталған процедура тек анықтамалық ақпарат ретінде берілген. Толық мәлімет алу үшін компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
-
Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін босатылады да, қуат/
(BLUETOOTH) индикаторы баяу жыпылықтайды. Дегенмен жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған кезде, мысалы зауыттық параметрлер орнатылғанда, жұптастыру режимі босатылмайды. Жұптастыру режимі процесс аяқталмай тұрып босатылса,
-қадамнан қайта бастаңыз. -
BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, оларды мына жағдайлардан басқа жағдайларда қайтадан жұптастыру қажет емес:
-
Жөндеуден, т.б. жұмыстардан кейін жұптастыру ақпараты жойылған.
-
Динамик 8 құрылғымен жұптастырылып, тағы бір құрылғымен жұптастыруға әрекет жасалуда.
Динамикті ең көбі 8 құрылғымен жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін, жаңа құрылғы жұптастырылса, осы жаңа құрылғы ең алғаш болып жұптастырылған құрылғыны алмастырады.
-
Динамиктің жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
-
Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылған.
Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, ол iPhone/iPod touch құрылғысына немесе компьютерге жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch құрылғысындағы немесе компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайтадан орындаңыз.
-
-
Динамикті бірнеше құрылғымен жұптастыруға болады, бірақ музыка бір уақытта бір жұптастырылған құрылғыдан ғана ойнатылады.
-
Динамиктің құпия кілті: «0000». BLUETOOTH құрылғысында «0000» кодынан басқа құпия кілт орнатылған болса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанса, BLUETOOTH құрылғысынан шығатын дыбыс динамиктен шығарылмайды (хендс-фри функциясы қолжетімді болады). BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдау үшін динамиктің AUDIO IN ұясынан аудио кабельді ағытыңыз.

