Party Chain сымсыз функциясын өшіру
Барлық қосылыстарды ажырату және Party Chain сымсыз функциясынан шығу
(BLUETOOTH) индикатор шамдары жанып тұрған динамикті өшіріңіз (бірінші ретінде орнатылған динамик).
-
(BLUETOOTH) индикатор шамдары жанып тұрған динамиктің (бірінші ретінде орнатылған динамик) AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, Party Chain сымсыз функциясы өшіріледі.
Тек бір динамикті өшіру
Босатқыңыз келетін динамикті өшіріңіз (екінші не одан кейінгі динамик жинағы).
-
Босатқыңыз келетін динамиктің (екінші не одан кейінгі динамик жинағы) AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, тек бір динамиктің Party Chain сымсыз функциясы өшіріледі.

