Динамикке күтім жасау әдісі

Динамиктің мата бөлшегінде су өткізбейтін материал қолданылғандықтан, төмендегі техникалық қызмет көрсету процедурасын сақтау арқылы динамикті ыңғайлырақ және ұзағырақ пайдалануға болады.

  • Келесі жағдайларда динамиктің беті ластанса, кірді кетіру үшін динамикті таза сумен (ауыз су, т.б.) дереу жуыңыз. Егер оның бетінде лас қалса, мата бөлшегінің түсінің өзгеруіне немесе зақымдалуына не динамиктің ақаулығына әкелуі мүмкін.
    Мыс.:
    • Жағажайда, бассейннің шетінде, т.б. пайдаланудан кейін динамикте тұз, құм, т.б. тұрып қалса.
    • Динамикте бөгде заттар (күннен қорғау кремі, күнге күю майы, т.б.) тұрып қалса
  • Егер динамик суланып қалса, ылғалды құрғақ шүберекпен дереу сүртіңіз. Оған қоса динамикті құрғақ жерде ылғал кеткенше құрғатыңыз.
  • Жүйенің динамик бөліміне су кіргенде дыбыс сапасы өзгеруі мүмкін. Бұл ақаулық емес. Оның бетінен ылғалды сүртіп тастап, динамиктің ішінде жиналған суды ағызу үшін динамикті құрғақ, жұмсақ шүберекке мата бөлшегін төмен қаратып қойыңыз. Содан соң динамикті құрғақ жерде ылғал кеткенше құрғатыңыз.

Ескерту

  • Егер динамиктің беті ластанып қалса, динамикті тазалау үшін жуғыш құралды, сұйылтқышты, бензинді, спиртті, т.б. заттарды пайдаланбаңыз, себебі ол динамиктің мата бөлшегінің су өткізбейтін қасиетіне әсер етеді.
  • Суық аймақтарда, т.б. ылғалды динамиктің бетінде қалдырсаңыз, динамик қатуы және бұзылуы мүмкін. Динамикке су тамшылары жабысқан болса, динамиктен ылғалды құрғақ, жұмсақ шүберекпен, т.б. сүртіп алыңыз.
  • Егер құм түйіршіктері, т.б. заттар құрылғының мата бөлшегіне кірсе, оларды абайлап алып тастаңыз. Құрылғыда шаңсорғышты, т.б. құрылғыларды ешқашан пайдаланбаңыз. Ол динамик құрылғысының зақымдалуына әкелуі мүмкін.