Индикаторлар туралы мәлімет

CHARGE индикаторы (сарғылт)

Өшеді Динамик зарядталып болды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Кірістірілген батареяның заряды 10%-дан аз, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Пайдаланылып жатқан динамикті ол USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда зарядтауға болады. Мұндай жағдайда пайдалану шарттарына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтаған кезде динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақаулық емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін динамиктен micro-USB кабелін ағытып, 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

(қуат) индикаторы

Өшеді Динамик өшеді.
Жанады (жасыл) Динамик қосылады. Дыбыс режимі STANDARD режиміне орнатылған.
Жанады (ақ) Динамик қосылады. EXTRA BASS режимі немесе LIVE SOUND режимі орнатылады. Динамикті сатып алған кезде, EXTRA BASS орнатылып тұрады.
Жанады (сарғылт) Динамик өшеді. Динамик BLUETOOTH күту режиміне орнатылады.
Жыпылықтайды (жасыл, ақ, қызыл немесе сарғылт) -/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған сайын индикатор бір рет жыпылықтайды.
-/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін қолданған кезде дыбыс деңгейі ең төмен (0) не ең жоғары (50) деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор 3 рет жыпылықтайды.
Бағдарламалық құралды жаңарту процесінің орындалу барысына байланысты индикатордың жасыл түспен жыпылықтау күйі өзгереді. Әрбір жаңартуда индикатор жасыл түспен 5 рет, одан кейін 4 рет, 3 рет, екі рет, бір рет жыпылықтап, өшеді*.
Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор жасыл не ақ түспен 3 рет жыпылықтайды.
Бағдарламалық құралды жаңарту кезінде қате пайда болса, индикатор қызыл не сарғылт түспен жыпылықтайды.
Кірістірілген батарея заряды 10%-дан төмендеген кезде, индикатор жасыл не ақ түспен баяу жыпылықтайды.
Динамикті қосқаннан кейін индикатор жасыл не ақ түспен 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған. Динамикті зарядтаңыз.

* Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.

(BLUETOOTH) индикаторы

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Жылдам жыпылықтайды (секундына 3 рет) Динамик жұптастыру режиміне кіреді.
Баяу жыпылықтайды Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғануды күтіп тұр.
3 рет жыпылықтайды Бағдарламалық құрал жаңартылып болды.

LIVE индикаторы

Жанады LIVE SOUND режимі орнатылады.
Өшеді STANDARD режимі немесе EXTRA BASS режимі орнатылады.

ADD индикаторлары

Жыпылықтайды

Динамигіңіз Динамик қосу функциясына кіреді.

Динамик қосу функциясымен байланыс орнатылмаса, ADD (Динамик қосу функциясы) индикаторы жыпылықтайды.

Жанады Динамикте Динамик қосу функциясы қолданылуда.

WPC (Party Chain сымсыз функциясы) индикаторы

Жыпылықтайды Динамик Party Chain сымсыз функциясына кіреді.
Жанады Динамикте Party Chain сымсыз функциясы қолданылуда. Party Chain сымсыз функциясымен жалғанған барлық динамиктердің индикаторлары жанады.