Динамикті зарядтау мүмкін емес
-
USB АТ адаптерін (сатып алуға болады) қолданған кезде, micro-USB кабелі динамикке және USB АТ адаптеріне мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Оған қоса USB АТ адаптері АТ розеткасына мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
-
USB АТ адаптерін (сатып алуға болады) қолданған кезде, USB АТ адаптері 1,5 A не одан көп ток бере алатынына көз жеткізіңіз. Шығыс тогы 500 мА не одан көп, бірақ 1,5 А-ден аз USB АТ адаптерінен зарядталуға шамамен 10 сағат кетеді. Шығыс тогы 500 мА-ден аз USB АТ адаптерінен зарядталуға кепілдік берілмейді.
-
Есептелген зарядтау уақыты жалғанған USB АТ адаптерінің (сатып алуға болады) шығыс қуатына байланысты әр түрлі болады. Динамик шығыс тогы 500 мА не одан көп USB АТ адаптерін қолдайды. Дегенмен USB АТ адаптерінің және micro-USB кабелінің түрі мен сипаттамасына байланысты зарядтау уақыты көбірек болуы мүмкін. Шығыс тогы 1,5 А не одан көп USB АТ адаптерін және бірге берілген micro-USB кабелін не USB стандартына сәйкес келетін басқа micro-USB кабелін қолдану ұсынылады. Басқа құрылғыдан зарядталатынына кепілдік берілмейді. Зарядтау уақыты температура мен пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-
Кірістірілген батареяны қосылған компьютерге micro-USB кабелімен жалғау арқылы да зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлермен жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. Сондай-ақ үйде құрастырылған компьютерлерге жалғау әрекеттері кепілдікпен қамтылмайды.

