Дыбыс жоқ/тек бір динамиктен дыбыс шығады/дыбыс деңгейі төмен/дыбыс бұрмаланады/динамиктен быжылдаған дыбыс не шу естіледі/қоңырау шалушылардың дауысы естілмейді не ақырын естіледі
- Динамик те, жалғанған құрылғы да қосылып тұрғанын тексеріңіз.
- Динамиктің және жалғанған құрылғының дыбыс деңгейін көтеріңіз.
- Жалғанған құрылғыдан дыбыс ойнатылып тұрғанын тексеріңіз.
- BLUETOOTH режимінде ойнатқан кезде AUDIO IN ұясынан аудио кабель ағытылғанына көз жеткізіңіз.
- AUDIO IN режимінде ойнатқан кезде AUDIO IN ұясына аудио кабель мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
- Динамикке компьютерді жалғаған болса, компьютердің аудио шығыс параметрі BLUETOOTH құрылғысына орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Динамик BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатқанын тексеріңіз.
- Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын қайтадан жұптастырыңыз.
- AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғы монофондық болса, дыбыс сол жақ динамиктен шығарылады (L арнасы).
- Жалғанған құрылғының эквалайзер функциясы болса, оны өшіріңіз.
- Динамикті микротолқынды пештен, Wi-Fi® құрылғыларынан, т.б. аулақ ұстаңыз.
- Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын бір-біріне жақындатыңыз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысының арасындағы кез келген кедергілерді алып тастаңыз.
- CHARGE индикаторы және
(қуат) индикаторы баяу жыпылықтаса, динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз. - Кірістірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғыны динамикке BLUETOOTH арқылы жалғау мүмкін емес, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.
- Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден, т.б. алысырақ орналастырыңыз, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.
- Динамик қосу немесе Party Chain сымсыз функциясын қолданған кезде, BLUETOOTH тінтуірі не BLUETOOTH пернетақтасы сияқты кез келген басқа BLUETOOTH құрылғысы (-лары) BLUETOOTH құрылғысына жалғанса, олардың арасындағы байланысты ажыратыңыз.
- Кейбір BLUETOOTH құрылғыларының сымсыз режимде ойнату сапасы өзгертуі мүмкін. Құрылғыңыз осы функциямен үйлесімді болса, дыбыс сапасынан гөрі «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» параметрін таңдаңыз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- Динамиктің сымсыз режимде ойнату сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» параметрін таңдаңыз.
- Жалғанған құрылғыға «Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын орнатыңыз. «Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын қолдану немесе динамик пен BLUETOOTH құрылғысын BLUETOOTH байланысы арқылы жалғау мүмкін болмаса, «Sony | Music Center» қолданбасын жойыңыз.
- Музыка тыңдап отырған кезде, BLUETOOTH құрылғысында A2DP BLUETOOTH байланысын таңдаңыз.
- Қоңырау қабылдаған/шалған кезде, BLUETOOTH құрылғысында HFP немесе HSP BLUETOOTH байланысын таңдаңыз.
- Қоңырау қабылдаған/шалған кезде, BLUETOOTH құрылғысының шығысы динамикке орнатылғанын тексеріңіз.

