RESET түймесін қолдану
Қосылғанына қарамастан динамикті басқару мүмкін болмаса, артқы жақтағы қақпақты ашып, RESET түймесін түйреуішпен немесе басқа үшкір затпен басыңыз. Динамик бастапқы қалпына келіп, өшеді.
Ол қосылмаса, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.
Ескерту
- Қуат өшіп тұрғанда, динамикті бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес.
- RESET түймесі басылған кезде, жұптастыру ақпараты өшпейді. Бұл процедура динамиктің бастапқы параметрлерін орнатуға ұқсамайды.
- Динамикті бастапқы қалпына келтіргеннен кейін, дыбыс деңгейі, функция және/немесе дыбыс параметрлері өзгеше болуы мүмкін.
- Динамикті қалпына келтіргеннен кейін, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.

