Дыбыс әсерлерін ауыстырып қолдану
3 дыбыс режимін қолдануыңызға болады. Динамикті сатып алған кезде, EXTRA BASS режимі орнатылып тұрады.
| Дыбыс режимі | LIVE индикаторының түсі |
(қуат) индикаторының түсі |
Мүмкіндік |
|---|---|---|---|
| STANDARD | Өшеді (LIVE OFF) | Жасыл (EXTRA BASS OFF) | Қуат үнемдеу режимі |
| EXTRA BASS | Өшеді (LIVE OFF)(зауыттық әдепкі параметрлер) | Ақ (EXTRA BASS ON)(зауыттық әдепкі параметрлер) | Жуан бас дыбысы |
| LIVE SOUND | Ақ (LIVE ON) | Ақ (EXTRA BASS ON) | Шынайы дыбыс |
-
LIVE SOUND және EXTRA BASS режимдерін рақаттанып қолданыңыз.
Динамик түймесімен LIVE SOUND параметрін ауыстыру
-
LIVE түймесін басыңыз.
Түйме басылған сайын LIVE SOUND режимі және EXTRA BASS режимі ауысады.
Динамик түймелерімен EXTRA BASS параметрін ауыстыру
EXTRA BASS режимін және STANDARD режимін ауыстыру үшін процедураны орындаңыз.
-
- (дыбыс деңгейі) түймесін және
(ойнату)/
(қоңырау) түймесін шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.
(қуат) индикаторының түсі ақтан жасылға өзгереді және дыбыс режимі STANDARD режиміне ауысады.
- (дыбыс деңгейі) түймесін және
(ойнату)/
(қоңырау) түймесін тағы шамамен 3 секунд басып тұрсаңыз,
(қуат) индикаторының түсі ақтан жасылға өзгеріп, дыбыс режимі EXTRA BASS режиміне ауысады.
Дыбыс режимін «Sony | Music Center» қолданбасымен орнатқан кезде
-
Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.
Music Center
-
[SRS-XB22] құрылғысын түртіңіз.
-
Дыбыс режимін таңдау үшін [Settings] - [Sound] - [Sound Mode] - [Preset Mode] тармағын түртіңіз.
-
STANDARD
-
EXTRA BASS
-
LIVE SOUND
-
-
Ескерту
-
Музыкаға байланысты LIVE SOUND немесе EXTRA BASS әсерлері қатты байқалмауы мүмкін.

