Динамиктің жарығын қосу/өшіру (Жарықтандыру функциясы)

Динамик көңілді ашу үшін музыкамен бірге жарқырайды. Динамикті сатып алған кезде, жарықтандыру функциясы қосылып тұрады.

  1. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ түспен жанады*.

    Динамик жанады.

    * (қуат) индикаторының түсі дыбыс режиміне байланысты өзгереді. Мәлімет алу үшін мына тақырыпты қараңыз.
    Индикаторлар туралы мәлімет

Жарықтандыру функциясын өшіру (жарықты өшіру)/қосу (жарықты қосу)

Динамиктің артқы жағындағы қақпақ астындағы BATT (батарея)/LIGHT түймесін жарықтандыру функциясы өшкенше/қосылғанша шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.

Түймені шамамен 3 секунд тағы басып тұрсаңыз, жарықтандыру функциясы қайта қосылады/өшеді.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасындағы «Жарықтандыру» функциясымен жарықтандыру функциясын қосуға/өшіруге немесе әр түрлі жарықтандыру режимдерін таңдауға болады.

    • RAVE: Жарқылы көп болатын би музыкасына арналған

      Динамикті сатып алған кезде, RAVE орнатылады.

    • CHILL: Тыныштандырғыш музыкаға арналған

    • STROBE: Жарқылдарды қолдану

Ескерту

  • Жарық деңгейі жоғары болғанда, бөлме жарығын арттырыңыз немесе жарықтандыруды өшіріңіз.

  • BATT (батарея)/LIGHT түймесін қолданғаннан кейін, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.