NFC стандартымен үйлесімді құрылғыға Бір тигізіп жалғау (NFC) функциясымен жалғау
Динамикке смартфон сияқты NFC стандартымен үйлесімді құрылғыны тигізген кезде, динамик автоматты түрде қосылады да, жұптастыруды және BLUETOOTH байланысын орнатуға көшеді.
Үйлесімді смартфондар
NFC стандартымен үйлесімді, Android™ 4.1 не одан кейінгі нұсқасы орнатылған смартфондар
Үйлесімді WALKMAN® модельдері
NFC стандартымен үйлесімді WALKMAN® модельдері*
* WALKMAN® NFC функциясымен үйлесімді болса да, ол динамикпен бір тигізіп жалғау арқылы BLUETOOTH байланысын орната алмауы мүмкін. Үйлесімді модельдер туралы мәлімет алу үшін WALKMAN® құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
NFC
NFC (Жақын радиобайланыс стандарты) — смартфондар мен IC тегтері сияқты әр түрлі құрылғылар арасында қысқа қашықтықтағы сымсыз байланысты қамтамасыз ететін технология.
NFC функциясының арқасында дерек байланысын орнатуды, мысалы, BLUETOOTH арқылы жұптастыруды NFC стандартымен үйлесімді құрылғыларды бір-біріне (яғни, әрбір құрылғыдағы N белгісін немесе арнайы жерді) тигізу арқылы оңай іске асыруға болады.
Іске кіріспес бұрын, мына әрекеттерді орындаңыз.
-
Құрылғыда ойнатуды тоқтатыңыз.
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін құрылғының және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Құрылғыға байланысты оның дыбыс деңгейі динамикпен синхрондалады.
-
Құрылғының экран құлпын өшіріңіз.
-
Құрылғының NFC функциясын қосыңыз.
-
Динамиктің N белгісі басылған жерін құрылғы әрекет еткенше құрылғының N белгісі басылған жеріне тигізіп тұрыңыз. (Оған бірнеше секунд кетуі мүмкін.)
-
BLUETOOTH байланысын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде,
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтау күйінен тұрақты күйге ауысады.
Тұспал
-
BLUETOOTH байланысын ажырату үшін динамиктің N белгісі басылған жерін құрылғының N белгісі басылған жерін қайта тигізіңіз.
-
Динамикті жалғай алмасаңыз, төмендегі әрекеттерді қолданып көріңіз.
-
Құрылғының динамиктің N белгісі басылған жерінің үстімен ақырындап жылжытыңыз.
-
Құрылғы қапқа салынған болса, оны алып тастаңыз.
-
-
Динамикке құрылғыны тигізсеңіз, құрылғы ағымдағы құрылғымен (NFC стандартымен үйлесімді гарнитура, т.б.) орнатылған BLUETOOTH байланысын ажыратып, динамикке жалғанады.
Ескерту
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанса, BLUETOOTH арқылы жалғанған құрылғысынан шығатын дыбыс динамиктен шығарылмайды (хендс-фри функциясы қолжетімді болады). BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдау үшін динамиктің AUDIO IN ұясынан аудио кабельді ағытыңыз.
-
Құрылғыңыз магниттік күш әсер еткенде күту режиміне өтетін құрылғы болса, ол NFC арқылы жалғанбауы мүмкін.
-
Динамик қосу немесе Party Chain сымсыз функциясын қолданған кезде, динамиктің
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтаған жерін түртіңіз.
(BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен құрылғы BLUETOOTH байланысын орната алмайды.

