Party Booster функциясын қолдану

Party Booster функциясы қосылған болса, динамикті музыка ырғағына сәйкес қаққанда, одан дыбыс әсері шығарылады. Сондай-ақ динамиктің жарығы жарқырап*1, сауық кеші көңілдене түседі.

«Sony | Music Center» қолданбасымен оңай орнатуға не өзгертуге болатын дыбыс әсерлерінің бірнеше түрі бар.

*1 Жарықтандыру функциясы өшіп тұрса да, динамикті қаққан кезде, жарық жарқырайды.


Party Booster функциясын 3 жолмен қосуға не өшіруге болады.

Динамиктің түймелерін қолдану.

Қолданбадан реттеу.

Динамиктің корпусын қағу.

  1. Динамикті қосыңыз.
  2. Party Booster функциясын қосу үшін мына әрекеттердің бірін орындаңыз.

    Динамиктің түймелерін қолдану.

    Динамиктің - (дыбыс деңгейі) түймесін және + (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта 3 секундтан астам басып тұрыңыз.

    Party Booster функциясы қосылған кезде, (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

    Кірістірілген батарея заряды төмен болғанда және (қуат) индикаторы жыпылықтап тұрғанда, жыпылықтау саны әр түрлі болуы мүмкін.


    Қолданбадан реттеу.

    Party Booster функциясын «Sony | Music Center» қолданбасымен реттеу.

    1. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.

      Music Center

    2. [SRS-XB22] құрылғысын түртіңіз.

    3. [Settings] - [Party Booster] - [Tap Settings] - [OFF] тармағын түртіп, одан кейін Party Booster функциясының режимін таңдаңыз.

      • Drum Kit

      • Percussion

      • Custom


    Динамиктің корпусын қағу.

    Динамиктің артқы жағындағы қақпақтың сол жағын екі рет жылдам қағыңыз.

    Party Booster функциясы қосылған кезде, (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

    Кірістірілген батарея заряды төмен болғанда және (қуат) индикаторы жыпылықтап тұрғанда, жыпылықтау саны әр түрлі болуы мүмкін.

    Ескерту

    • Динамикті алақаныңызбен екі рет қатты әрі тез қағыңыз.

  3. Динамиктің үстін, алдын, бүйірлерін немесе астын қағыңыз.

    Динамиктен дыбыс әсерлері шығарылады және динамиктің жарығы қосылады*2.

    *2 Жарықтандыру функциясы өшіп тұрса да, динамикті қаққан кезде, жарық жарқырайды.


    Қаққан кезде дыбыс шығарылатын жерлер — динамиктің үсті, алды, бүйірлері және асты.

    Дыбыс әсерінің түрі мен дыбыс деңгейі қаққан жерге және қағу күшіне байланысты өзгереді.

    Ескерту

    • Қағу жолына байланысты динамик әрекет етпеуі және дыбыс әсерлері шығарылмауы мүмкін.

Party Booster функциясын өшіру

-қадамды қайталаңыз немесе динамикті өшіріңіз.

Party Booster функциясын -қадамдағыдай динамиктің - (дыбыс деңгейі) түймесін және + (дыбыс деңгейі) түймесін қолдану немесе динамик қақпағының сол жағын екі рет жылдам қағу арқылы өшірсеңіз, (қуат) индикаторы 4 рет жыпылықтайды.

Кірістірілген батарея заряды төмен болғанда және (қуат) индикаторы жыпылықтап тұрғанда, жыпылықтау саны әр түрлі болуы мүмкін.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасымен дыбыс әсерінің түрін таңдауға болады.

    Динамикті сатып алған кезде, «Drum Kit» орнатылып тұрады.

Ескерту

  • Динамикті алып жүргенде, оның қуатын өшіріп қойыңыз.

    Қуаты қосылып тұрса, Party Booster функциясы діріл, т.б. себептерге байланысты байқаусызда қосылып, дыбыс әсері шығарылуы мүмкін. Party Booster функциясы қосылып тұрғанда, динамиктің қуатын өшіріңіз.

  • Егер динамикке адамға немесе затқа соғылса, ол қайғылы жағдайда, жарақаттануға немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін. Party Booster функциясын пайдаланғанда келесілерді ескеріңіз.

    • Динамиктен micro-USB кабелін, т.б. жабдықтарды міндетті түрде ажыратыңыз.

    • Динамикті пайдаланғанда қақпақты міндетті түрде жабыңыз.

    • Функцияны пайдаланғанда, динамикті қолыңыздан шығарып немесе түсіріп алмау үшін оны мықтап ұстап, қатты шайқамаңыз.

    • Функцияны пайдаланудан бұрын, динамиктің айналасында орын жеткілікті екенін тексеріңіз.

    • Динамикті құралмен ұрмаңыз.

    • Көлікті жүргізгенде немесе жаяу жүргенде функцияны қолданбаңыз.

    • Қолданған кезде, бетіңізден және көздеріңізден 20 см не одан көп қашықтықта ұстаңыз.

    • Функцияны ұзақ қолданбаңыз. Жүйелі үзіліс жасап тұрыңыз.

    • Функцияны қолданған кезде шаршасаңыз, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе бір жеріңіз ауырса, функцияны қолдануды дереу тоқтатыңыз.