Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту
Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шығарылған кезде, динамиктің алдын ала орнатылған бағдарламалық құралын төмендегі әдістермен жаңартуға болады.
Бағдарламалық құралды жаңартқан кезде, жаңа мүмкіндіктер қосылып, қолдану ыңғайлығы мен тұрақтылығы артады.
-
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз.
Кірістірілген батареяны қолданып отырғанда, бағдарламалық құралды жаңарту мүмкін емес.
-
Динамикті қосыңыз.
(қуат) индикаторы ақ түспен жанады*.*
(қуат) индикаторының түсі дыбыс режиміне байланысты өзгереді. Мәлімет алу үшін мына тақырыпты қараңыз.
Индикаторлар туралы мәлімет
-
Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.
Music Center
-
[SRS-XB22] құрылғысын түртіңіз.
Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шығарылған кезде, «Sony | Music Center» экранында жаңарту туралы хабарландыру көрсетіледі.
-
Жаңарту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Әрбір жаңартуда
(қуат) индикатор жасыл түспен 5 рет, одан кейін 4 рет, 3 рет, екі рет, бір рет жыпылықтап, өшеді. Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін
(қуат) және
(BLUETOOTH) индикаторлары 3 рет жыпылықтайды.
Ескерту
-
Жаңарту мүмкін болмаса, қайта зарядталатын кірістірілген батареяны оның қалған заряды 50%-ға жеткенше зарядтаңыз.

