Қос режим мен стерео режим арасында ауысу (Динамик қосу функциясы)
2 динамикті қолданған кезде, екі динамиктен бір дыбыс ойнатылатын қос режим және стерео дыбыс ойнату үшін бір динамиктен сол арна дыбысы, ал екінші динамиктен оң арна дыбысы ойнатылатын стерео режим арасында ауысуға болады.
-
Дыбыс шығару режимін өзгерту үшін динамиктердің бірінің артқы жағындағы қақпақ астындағы ADD (Динамик қосу функциясы) түймесін басыңыз.
ADD (Динамик қосу функциясы) түймесін басып тұрған кезде, динамиктен дауыстық нұсқау беріледі де, режим өзгереді.
Double mode (Қос режим)
Екі динамиктен бір дыбыс ойнатылады.
Стерео режим (Left (Сол)/Right (Оң))
Сол арна дыбысы бір динамиктен, ал оң арна дыбысы екінші динамиктен ойнатылады.
Стерео режим (Right (Оң)/Left (Сол))
2 динамиктің арнасын (сол арна/оң арна) ауыстырып, ойнатады.
Ескерту
-
ADD (Динамик қосу функциясы) түймесін қолданғаннан кейін, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.

